| Ауыл | |
| Есет | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық әкімдігі | Есет |
| Әкімі | Анесов Ескендір Бердібекұлы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 45°45′01″ с. е. 54°49′48″ ш. б. / 45.75028° с. е. 54.83000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°45′01″ с. е. 54°49′48″ ш. б. / 45.75028° с. е. 54.83000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Бұрынғы атаулары | Қоркөл (Құркөл) |
| Климаты | Континентті |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼771 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 12 |
Есет шекарасы | |
Есет — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Бағытай-беніке ойысы мен Қарақұм құмды алқабы аралығында, темір жол бойында орналасқан.
Ауыл 1973 жылға дейін Атырау облысы, Ембі ауданының құрамында болған. Есет ауылы 1998 жылға дейін Құркөл деп аталып келген.
| 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|
| 797 | ▲897 | ▼771 |
2016 жылғы есеп бойынша Есет ауылында 157 үй, (223 жанұя) 868 адам тұрады. Олардың 430-әйел, 438-ер адам. Мектеп оқушыларының саны 158, мектепалды дайындық сыныбында 12 бала тәрбиеленіп жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалар - 95. зейнеткерлер - 71, мүгедектер -26, студенттер - 82, тұрақты жұмыс жасайтындар - 361, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар саны - 10, өзін – өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны -9, Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсызы – 3. 2-отбасы жаңадан үй салып қоныстанды, 1 отбасы жанұя құрамы 5 адам ауылға көшіп келді. 13 сәби дүниеге келіп, 9 жас отбасын құрды.
Есетте шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік нысандар, темір жол саласының бөлімшелері, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. жұмыс істейді. Ауыл арқылы Ақтау – Атырау, Атырау – Қоңырат (Өзбекстан) автомобиль жолдары өтеді.


