Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Еуропалық ынтымақтастық (укр. Європейська солідарність) — Украинадағы про-еуропалық, либералдық-консерватистік саяси партия. 2000 жылы «Ынтымақтастық» атауы бар

Еуропалық ынтымақтастық

  • Басты бет
  • Еуропалық ынтымақтастық

Еуропалық ынтымақтастық (укр. Європейська солідарність) — Украинадағы про-еуропалық, либералдық-консерватистік саяси партия. 2000 жылы «Ынтымақтастық» атауы бар парламенттік топ ретінде бастауын алды, және содан бері Петро Порошенконың саяси құралы ретінде түрлі атаулары болған. Петро Порошенко блогы деген атауымен партия 2014 жылғы Украинадағы парламенттік сайлауда 423 мандаттың 132-сін жеңіп алып, басқа партияларға қарағанда ең көп мандатқа ие болды.

Еуропалық ынтымақтастық
укр. Європейська солідарність
ЕЫ, ЄС
Логотипі
Басшысы

Парламенттен тыс:
Петро Порошенко
Олександр Турчинов
Парламентте:
Артур Герасимов
Ірина Геращенко

Негізін салушы

Петро Порошенко

Құрылған жылы

15 қараша 2001 (негізі)
24 тамыз 2014 (қазіргі түрінде)

Штаб-пәтері

Киев

Идеологиясы

либералдық консерватизм
христиандық демократия
пан-еуропизм

Интернационалы

Еуропалық Халық партиясы
Халықаралық демократиялық одақ

Верховна Рададағы мандат саны
27 / 450
Жергілікті кеңестерде
3905 / 43 122
Сайты

eurosolidarity.org

2017 жылдың қазан айында партияның 30,000-ға жуық мүшесі болды; Аймақтар партиясының бұрынғы мүшелері мүшелікке қабылданбайды.2019 жылы Украинадағы парламенттік сайлауда партия жалпыұлттық партиялық тізімде 23 мандат және 2 округ бойынша мандатты жеңіп алды.

Петро Порошенконың партия басшылығына келгелі бері партияның идеологиясы христиандық демократия,либералдық консерватизм,либерализм болып сипатталған. Олардың сыртқы саясат ұстанымдарына Украинаның Еуропа Одағына мүше болуы және Ресей-Украина соғысының бейбіт түрде аяқталуы кіреді. Олар өз бағдарламасында орталықсыздандыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көп мән береді.

Мазмұны

Тарихы

Ынтымақтастық (2000–2013)

Партия 2000 жылы «Ынтымақтастық» деп аталатын парламенттік фракциядан бастау алды, Петро Порошенко құрған, сол уақытқа дейін ол Украина социал-демократиялық партиясы (біріккен) (укр.)қаз. фракциясының мүшесі болды. Саясаттанушы Тарас Кузьо (укр.)қаз. бұл жағдай сол кездегі президент Кучманың көмегімен болды, ол УСДП(б)-ның ықпалын шектемекші болды деп мәлімдейді. Жаңа парламенттік фракцияның құрамына 1998 жылы Украина шаруалар партиясынан және Громададан сайланған көптеген депутаттар қосылды. Порошенко өзінің парламенттік фракциясының негізінде Украинаның Ынтымақтастық партиясын құрды. 2000 жылы бұл партия Аймақтар партиясына қосылып, Порошенко Аймақтар партиясының депутаты болды.

2001 жылы Порошенко «Біздің Украина» блогын құруға қызығушылық танытты. Украинаның «Ынтымақтастық» партиясы Аймақтар партиясынан ажырай алмады, сондықтан Порошенко «Ынтымақтастық» партиясы деп аталатын жаңа фантомдық партия құру туралы шешім қабылдады.2002 жылғы парламенттік сайлауда фантомдық «Солідарність» Біздің Украинаға қосыла алды. 2002 жылы «Біздің Украина» сайлау блогының партиялық тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болған адамдар қатарында Петро Порошенконың өзі де болды.

2013 жылдың 16 қазанында сот Ынтымақтастықтың тіркеу куәлігінің күшін жойды. Партияның бұған апелляциялық шағым түсіруі мүмкін еді, бірақ бұл шешім жасалған жоқ болды және 2013 жылдың 31 желтоқсанында 10 жылдан астам уақыт бойы ешбір сайлауға қатыспағандықтан партия заңды түрде жойылды.

Петро Порошенко блогы (2013–2019)

 
«Ынтымақтастық» Петро Порошенко блогының логотибі, 2014

2000 жылы мамырда жаңа Бүкілукраиналық Бейбітшілік пен бірлік партиясы (укр. Всеукраїнська партия миру и єдности, ВПМЄ) тіркелді.2002 жылғы Украинадағы парламенттік сайлауға оның «Радуга» сайлау альянсына қатысуға рұқсат етілмеді. 2006 жылғы сайлауда партия «Юрій Кармазін блогы» сайлау альянсының бөлігі ретінде қатысса да, еш мандатқа ие бола алмады.2007 жылғы сайлауда партия Бүкілукраиндық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде парламенттік өкілдікке ие бола алмады.

2014 жылы Порошенко «НАСТУП» Бостандық пен украиндық патриотизмнің ұлттық альянсы атты саяси ұйымның төрағасы болды. Осы арқылы ол ВПМЄ-ні Ынтымақтастықпен біріктіріп, Ынтымақтастықтың «өмірін» де-факто жалғастырды.

2014 жылдың мамыр және маусым айларында «Українська правда» Порошенконың жаңа партиясын «уэб-сайты, телефон нөмірлері, мекенжайлары жоқ бір белгісіз партия» деп сипаттады.2014 жылғы президент сайлауында Порошенко Украина президенті болып сайланды.

Віталій Кличконың "УДАР" партиясымен уақытша блокта біріккен «Ынтымақтастық»2014 жылғы парламенттік сайлауда 132 мандатпен жеңіске жетті. Салыстырсақ, қарсылас «Халық майданы» партиясы 82 мандатқа ие болды.

2015 жылдың наурыз айында «Петро Порошенко блогы» атауына «Ынтымақтастық» сөзі қосылды. 2015 жылдың 28 тамызында УДАР ресми түрде Петро Порошенко блогына біріктірілді, партия төрағасы Кличко болды.

Украиналық БАҚ-тың 2016 жылғы зерттеуіне сүйенсек, аймақтық кеңестердегі партия өкілдерінің 22% және партиялардың парламент депутаттарының 12%-ы про-ресейлік Аймақтар партиясының бұрынғы мүшелері болды.

2016 жылдың 1 мамырында Киев мэріне саяси партияның мүшесі, не төрағасы болуға тыйым салатын жаңа заң күшке енді. Оның себебімен 26 мамырда Кличко Петро Порошенко блогының төрағасы қызметінен кетті.

Кейінірек Кличко Удар партиясының келесі сайлауда жеке қатысатынын мәлімдеді.

Еуропалық ынтымақтастық (2019 бері)

 
Еуропалық Ынтымақтастықтың "мақсатымыз — Еуропалық Киев" деп жазылған постері, 2020

Партия 2019 жылдың 24 мамырында өзінің атауын қазіргі түріне өзгертті. Партия жетекшісі Порошенконың айтуынша, бұл партияның жаңа басшылығын әкелу және 2019 жылы Украинадағы парламенттік сайлауда жеңіске жету үшін жасалуы керек еді.

2019 жылғы парламент сайлауында Еуропалық ынтымақтастық аз дауыс жинап, 8.1% дауысқа түсіп, 23 мандатқа ғана ие болды.

Сайлаулардағы нәтижелері

Верховна Рада

Сайлау Төрағасы Нәтижесі Орны Позициясы
Дауыс саны % ± % Мандат саны +/–
Ынтымақтастық
2002 Петро Порошенко 6,108,088 23.57
(Біздің Украина блогы)
Жаңа
5 / 450
Жаңа Жаңа Оппозиция
Бүкілукраиналық Бейбітшілік пен бірлік партиясы
2006 Юрій Кармазін 165,881 0.65
(Юрій Кармазін блогы)
Жаңа
0 / 450
Жаңа ▼ 13-орында Парламенттен тыс
2007 Лідія Поречкіна (укр.)қаз. 12,327 0.05
(Бүкілукраиндық қауымдастық)
▼ 0.60
0 / 450
▬ 0 ▼ 19-орында Парламенттен тыс
Петро Порошенко блогы
2014 Юрій Луценко 3,437,521 21.82 Жаңа
132 / 450
▲ 132 ▲ 1-орында Үкімет коалициясы
Еуропалық ынтымақтастық
2014 Петро Порошенко 1,184,620 8.10 ▼ 13.72
25 / 450
▼ 107 ▼ 4-орында Оппозиция

Президент сайлаулары

Сайлау Үміткер 1-айналым 2-айналым Нәтижесі
Дауыс саны % Дауыс саны %
2014   Петро
Порошенко
9,857,308 54.70 — — Сайланды  Y
2019   Петро
Порошенко
3,014,609 15.95 4,522,450 24.45 Сайланбады  N
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 13, 2026

    Әмудария өзені

  • Сәуір 09, 2026

    Булану жылуы

  • Наурыз 11, 2026

    Халық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізімі

  • Сәуір 05, 2026

    Коваленттік байланыс

  • Сәуір 16, 2026

    Финикия жазуы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары