Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.

Жабайы шошқа

  • Басты бет
  • Жабайы шошқа

Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.

Жабайы шошқа
Қазбалық ауқымы: Early Плейстоцен – Recent

Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Шошқалар
Тегі: Sus
Түрі: S. scrofa
Екі-есімді атауы
Sus scrofa
Карл Линней, 1758

Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан.

Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді.

Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді.

Қабан Солүстік Африка мен Еуразияда таралған, ТМД аймағында, Балтық жағалауынан Қиыр Шығысқа дейін кездеседі. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Барыс ордені

  • Наурыз 11, 2026

    Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов

  • Наурыз 21, 2026

    Ғылыми-техникалық революция

  • Сәуір 04, 2026

    Қарқаралы уезі

  • Наурыз 23, 2026

    Көші-қон

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары