Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жантай Төлепбек Балабекұлы (1875 жыл, №3 ауыл, Ресей империясы – 14 маусым 1938, Омбы облысы) — қазақтың қоғам қайраткері, қазіргі Қорғалжын ауданының тұңғыш бо

Жантаев Төлепбек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
 Басқа мағыналар үшін Жантаев деген бетті қараңыз.
Төлепбек Балабекұлы Жантай
Туған күні

1875 (1875)

Туған жері

№3 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

14 маусым 1938 (1938-06-14)

Қайтыс болған жері

Омбы облысы, РКФСР, КСРО

Азаматтығы

 Ресей империясы;

 Алаш автономиясы;

 КСРО

Партиясы

Алаш орда

Жұбайы

Бағине Қанапияқызы

Балалары

8, соның ішінде Бәйбек

Марапаттары мен сыйлықтары

Ленин ордені (1930)

(қуғын-сүргінге ұшырады, барлық марапаттарынан айырылды.)

Төлепбек әйелі Бағине Қанапияқызы, 1937 жыл

Жантай Төлепбек Балабекұлы (1875 жыл, №3 ауыл, Ресей империясы – 14 маусым 1938, Омбы облысы) — қазақтың қоғам қайраткері, қазіргі Қорғалжын ауданының тұңғыш болысы.

Өмірбаяны

Жантай 1875 жылы Ақмола облысының №3 ауылында дүниеге келген. Руы — Арғын, Темеш.

1917 жылы Екінші жалпықазақ съезіне қатысты.

1918 жылдан бастап 1930 жылға дейін ол — Сабынды ауданының басқарушысы. 1930 жылы 23 желтоқсан күні Ақмола облысы бойынша НКВД жұмыскерлерімен ұсталды. 1931 жылы 11 сәуір күні ИТЛ-да 3 жылға сотталады. 1938 жылғы 20 мамырда ол Омбы облысының НКВД жұмыскерлерімен ұстады. 10 маусымда ол РКФСР-дың ҚК 58-10-бабы бойынша өлім жазасына кесілген. 14 маусымда Бекмағамбет (Бекіш) Құсайыновпен бірге атылған. Халықтың есінде соңғы сөздерінің арқасында қалды:

Елге қызмет ету – менің соңғы абыройым.
Т. Жантай, 

Кейіннен 1957 жылғы 19 маусымда ақталды.

Естелік

Астана қаласында Жантаев Төлепбек атындағы көше бар.

Тағы қараңыз

  • Жұмабек Шәбденамұлы Жантаев
Жоғары