Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тоқырауын ауданы (бұрынғы Приозёрный ауданы) — 1977-1997 жылдары Жезқазған облысының (кейін Қарағанды облысы) құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталы

Тоқырауын ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Тоқырауын ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Жезқазған облысы, Қарағанды облысы

Енеді

7 ауылдық округ, 2 кент

Әкімшілік орталығы

Шашубай

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

15 ақпан 1977

Таратылған уақыты

23 мамыр 1997

Тұрғындары
Тұрғыны

10 513 адам (2009)

Тоқырауын ауданы (бұрынғы Приозёрный ауданы) — 1977-1997 жылдары Жезқазған облысының (кейін Қарағанды облысы) құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Шашубай кенті.

Тарихы

Приозерный ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Жезқазған облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Ақтоғай ауданының Айыртас, Қарабұлақ және Қусақ ауылдық кеңестері, сондай-ақ Балқаш қалалық кеңесінің Ортадересін, Тасарал, Тораңғылық ауылдық кеңестері мен Гүлшат, Озерный, Сарышаған, Саяқ кенттері енді.

1979 жылы Саяқ кенті Балқаш қалалық кеңесіне қайтарылды.

1985 жылы Абай ауылдық кеңесі құрылды.

1987 жылы Гүлшат кенті Балқаш қалалық кеңесіне берілді.

1991 жылы Озерный кенті Шашубай болып өзгерді.

1993 жылы Приозерный ауданы Тоқырауын ауданы болып өзгерді.

1997 жылы 3 мамырда аудан Қарағанды облысына берілді. 1997 жылы 23 мамырда Тоқырауын ауданы таратылып, аумағы Ақтоғай ауданына берілді.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 7 ауылдық, 3 кенттік кеңес пен 24 елді мекен болған:

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендері
Абай ауылдық кеңесіАбай ауылыАбай, Айдын, Ақшкол, Бақалшы, Төлепберген
Айыртас ауылдық кеңесіАйыртас ауылыАйыртас, Әмірсана, Қабырғаши, Шұбартау
Гүлшат кенттік кеңесіГүлшат кентіГүлшат
Қарабұлақ ауылдық кеңесіЖаңаорталық ауылыЖаңаорталық, Дуанши, Қарасу
Қусақ ауылдық кеңесіҚошқар ауылыҚошқар, Молақ, Сорман
Озёрный кенттік кеңесіОзёрный кентіОзёрный
Ортадересін ауылдық кеңесіОртадересін ауылыАқжайдақ, Баладересін, Қаработа, Ортадересін
Сарышаған кенттік кеңесіСарышаған кентіСарышаған
Тасарал ауылдық кеңесіТасарал ауылыТасарал
Тораңғылық ауылдық кеңесіТораңғылық ауылыТораңғылық

Халқы

19791989
 2494817613
Жоғары