Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар ш

Жасыбай көлі

  • Басты бет
  • Жасыбай көлі

Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар.

Жасыбай
Жасыбай көлі
Жасыбай көлі
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі397 м
Өлшемі3,5 × 2,4 км
Ауданы4 км²
Көлемі25 млн км³
Тереңдігі14,7 м
Су алабы
Суды жинау ауданы31,2 км²
Орналасуы
50°49′03″ с. е. 75°35′12″ ш. б. / 50.81750° с. е. 75.58667° ш. б. / 50.81750; 75.58667 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°49′03″ с. е. 75°35′12″ ш. б. / 50.81750° с. е. 75.58667° ш. б. / 50.81750; 75.58667 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақПавлодар облысы
АуданБаянауыл ауданы
Жасыбай
Жасыбай
Жасыбай Ортаққорда

Мазмұны

Географиялық орны

Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте.

Аумағы

Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, ең терең жері 14,7 м. Суының көлемі 25 млн. м3, су жиналатын алабы 31,2 км2.

Жер бедері

Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5 – 3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем.

Жануарлары

Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Жетісай ауданы

  • Сәуір 02, 2026

    Грамматикалық категория

  • Сәуір 03, 2026

    Қызылорда облысы

  • Сәуір 03, 2026

    Қостанай облысы

  • Наурыз 10, 2026

    Ауыл шаруашылығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары