| Жасыбай тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 2,5 км |
| Ені | 1,5 км |
| Биіктігі | 1000 м |
| Орналасуы | |
| 50°48′38″ с. е. 75°39′02″ ш. б. / 50.81056° с. е. 75.65056° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°48′38″ с. е. 75°39′02″ ш. б. / 50.81056° с. е. 75.65056° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Жасыбай – Баянауыл тауындағы тау.
Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының оңтүстік-батысында орналасқан тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Ең биік жері 1000 м шамасында. Орталық тау шоғырынан жан-жаққа тараған сілемдері – Жанбақты, Торайғыр, Жақсыаула, Жаманаула біртіндеп аласара береді.
Геологиялық құрылымы
Тау силур мен девон кезеңдерінің кристалды гранит, сияенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген.
Жер бедері
Тау басы тік жартасты келген. Тау аралығындағы қазаншұңқырда суы мөлдір Жасыбай, Торайғыр көлдері жатыр. Әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары мен үңгірлері және бұлақтары табиғатқа ерекше көрік береді.
Өсімдігі
Етегінен басына дейін бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы өскен.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Баянауыл ауданы таулары

