Жас платформа - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық платформа. Екінші сөзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз каледондық, герциндік және мезозойлық қатпарлы алқаптар орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық көнелігі тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және эпимезозойлық, платформалар дараланады. Мысалы, Батыс Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары жатады.
Санаттар:
- География және геодезия
- Геология
- Мұнай және газ