Бегімсал Орынбекұлы (1911 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы - 1985 жыл, Қарағанды облысы, Босаға ст.) - күйші-домбырашы. Арғынның Қаракесек Кәрсөн руынан.
Бегімсалдың өскен ортасы күйшілік өнерді айрықша қастерлен, ғажайып дәстүр қалыптастырған. Оның әйгілі өкілдері Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, Дайрабайлардың ұлы мұрасын жалғастырушы Қыздарбек, Әбди, Сембек, Мақаш, Баубек, Ахметжан, Манарбек Ержанов, Әбікен Хасенұлы, Мағауия Хамзин сияқты қүйші-домбырашылар қатарында Бегімсалдың есімі де құрметпен аталады. Арқаның күйшілік дәстүрін барынша игерген Бегіммсалдың репертуарында жетпіске тарта күй болған. Әсіресе, Абылай ханның, Тәттімбеттің, Тоқаның, т. б. күйлерін нақышына келтіріп тартқан. Өз ұстаздарының өлмес өнерін үйренген Бегімсал өз кезегінде С.Мүхамеджанов, М.Хамзин секілді музыка саңлақтарының дарынын ұштауға ықпал еткен. Бегімсал домбырашылығына қоса, өз жанынан "Бес перне", "Мырза шертпек", т.б. күйлер шығарған.
- 1911 жылы туғандар
- Шет ауданында туғандар
- 1985 жылы қайтыс болғандар
- Шет ауданында қайтыс болғандар
- Күйшілер
- Домбырашылар