| Ауыл | |
| Жақсыбай | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | Батыс Қазақстан |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Жақсыбай |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 50°13′11″ с. е. 47°48′28″ ш. б. / 50.21972° с. е. 47.80778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°13′11″ с. е. 47°48′28″ ш. б. / 50.21972° с. е. 47.80778° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1965 |
| Бұрынғы атаулары | Свердлово |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼1043 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 07 |
Жақсыбай шекарасы | |
Жақсыбай — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Жақсыбай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде, жусан аралас еркекшөп, көде, көкпек өскен сортаңды ақшыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1404 адам (715 ер адам және 689 әйел адам) болса, 2009 жылы 1315 адамды (671 ер адам және 644 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1043 адамды (533 ер адам және 510 әйел адам) құрады.
Тарихы
Іргесі 1965 жылы Свердлов атындағы қой шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Кейіннен (1997) оның негізінде Жақсыбайда “Өркен” өндірістік кооперативі мен 77 шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- 1965 жылы құрылған елді мекендер
- Жәнібек ауданы елді мекендері


