| Кент | |
| Жақсықылыш | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Кенттік әкімдік орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Кенттік әкімдігі | Жақсықылыш |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 46°49′24″ с. е. 61°51′18″ ш. б. / 46.82333° с. е. 61.85500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°49′24″ с. е. 61°51′18″ ш. б. / 46.82333° с. е. 61.85500° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Бұрынғы атаулары | Аралсульфат |
| Кент статусы | 1941 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 4847 адам (2009) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 11 |
Жақсықылыш шекарасы | |
Жақсықылыш — Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент, Жақсықылыш кенттік әкімдігі орталығы.
Аудан орталығы Арал қаласынан шығысқа қарай 25 км жерде, Жақсықылыш көлінің оңтүстік жағалауындағы қаражусан аралас көкпек, дегелең өскен құмайтты сор топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 4549 адам (2324 ер адам және 2225 әйел адам) болса, 2009 жылы 4847 адамды (2468 ер адам және 2379 әйел адам) құрады.
Жақсықылышта Аралтұз акционерлік қоғамы, өндірістік кооператив, 5 серіктестік және 9 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кентте орта және бастауыш мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен фельдшілік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді және темір жолмен қатынасады.