Жаңалық — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Қайнар ауылдық округі құрамында.
| Ауыл | |
| Жаңалық | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | Алматы облысы |
| Ауданы | Талғар ауданы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°34′51″ с. е. 77°03′24″ ш. б. / 43.58083° с. е. 77.05667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°34′51″ с. е. 77°03′24″ ш. б. / 43.58083° с. е. 77.05667° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲3260 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
Жаңалық шекарасы | |
Тарихы
2002 жылғы 31 мамырда ауылда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 1930-жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бұл жерде түрлі деректер бойынша 3–4 мыңға дейін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жерленген. Зерттеушілердің мәліметінше, тек 1938 жылғы 25–27 ақпан күндері осы маңда 115 адам атылып, жерленген.
2018 жылдың желтоқсанында Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің салтанатты ашылуы өтті. Музей сталиндік қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккендердің есімін мәңгі есте сақтауға арнап құрылған.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
Халқы
| 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1378 | ▲3260 | 236,6 | 721 | ▲1631 | 226,2 | 657 | ▲1629 | 247,9 |


