Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Страсбург университеті (немесе Страсбурлік университет) – 1621 жылы негізі қаланған Францияның байырғы университеттерінің бірі. 1971 жылдан Страсбург университе

Страсбург университеті

  • Басты бет
  • Страсбург университеті

Страсбург университеті (немесе Страсбурлік университет) – 1621 жылы негізі қаланған Францияның байырғы университеттерінің бірі. 1971 жылдан Страсбург университеті өз ішінен 3 үлкен университетке бөлінді. Олар:

  • Луи Пастер атындағы Страсбург I университеті,
  • Марк Блок атындағы Страсбург II университеті,
  • Робер Шуман атындағы Страсбург III университеті
Страсбург университеті
Университет атауы
Шынайы аты Université de Strasbourg
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1538 (2009)
Түрі мемлекеттік
Орналасуы
Орналасқан жері Страсбург (Франция)
Әкімшілік
Президенті Алан Берец
(Alain Beretz)
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер 42 000
Сайты http://www.unistra.fr/
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Луи Пастер атындағы Страсбург I университеті

Луи Пастер атындағы Страсбург университетінде (Université Louis Pasteur) медицина факультеті, жаратылыстану ғылымдары, Жер туралы ғылым факультеті, математика бөлімі, физика институты, Жер физикасы, химия, физиология және биохимия, ботаника, зоология және жалпы биология, геология, геофизика, астрономиялық обсерватория және 2 ғылыми колледж бар. Бұл университет Еуропа зерттеу университеттері лигасының мүшесі болып табылады.

Марк Блок атындағы Страсбург II университеті

Марк Блок атындағы Страсбург университетінде (Université Marc Bloch) 10 факультет жұмыс жасайды. Олар: Өнер, тарих ғылымдары, филология, лингвистика және қолданбалы ғылым, әлеуметтік ғылым, спорт ғылымдары, католиктік және протесттанттық дін.

Бұл университет халықаралық аренада гуманитарлық саладағы зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста.

Робер Шуман атындағы Страсбург III университеті

Робер Шуман атындағы Страсбург университеті (Université Robert Schuman) 160 салада арнайы мамандықтарды дайындайды. Олар: құқық факультеті және экономика ғылымы, құқық институты және салыстырмалы экономика, заңмен зерттеу, қылмыстық-түзету ғылымы, еңбек, халықаралық меншікті өнеркәсіптік зерттеу орталығы.

Қызықты деректер

  • 2009 жылдан бері үш университеттің қосылуы жөнінде әңгімелер айтылып келеді. Халықаралық дәрежедегі жоғарғы беделі үшін және халықаралық жүйеге дайындық ретінде тек бір ғана Страсбург университеті болып атану жолдары қарастырылуда.
  • Ғылыми қызметкерлерінің арасында - химия саласында бір Нобель сыйлығының лауреаты, 17 академик, Еуропалық зерттеу кеңесінің 8 ғылыми қызмтекері бар.
  • Қазіргі кезде университетте жалпы саны 42 000 мың студент бар. Оның 21%-ы шет ел студенттері.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 29, 2026

    Қобыланды Тоқтарбайұлы

  • Наурыз 24, 2026

    Әл-Хорезми

  • Сәуір 02, 2026

    Ақмола облысы

  • Наурыз 12, 2026

    Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

  • Сәуір 03, 2026

    Шыңғырлау ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары