Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Железин ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 км қашықты

Железин ауданы

  • Басты бет
  • Железин ауданы

Железин ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 км қашықтықта орналасқан).

Қазақстан ауданы
Железин ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Железинка

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

32

Әкімі

Айтуған Абылайұлы Шайхимов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Железин ауылы, Әуезов көшесі, №19

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°33′ с. е. 75°21′ ш. б. / 53.550° с. е. 75.350° ш. б. / 53.550; 75.350 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°33′ с. е. 75°21′ ш. б. / 53.550° с. е. 75.350° ш. б. / 53.550; 75.350 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938 жыл

Жер аумағы

7,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 222 адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (47,35%)
қазақтар (39,57 %)
немістер (5,94 %)
украиндар (2,84 %)
татарлар (1,42 %)
беларустар (0,76 %)
басқалары (2,12 %)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140400-140410

Автомобиль коды

14

Железин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Железин ауданы

Мазмұны

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Ауданы 7,6 мың км². Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, солтүстік-батысында – Новосибирск облысымен, оңтүстігінде – Тереңкөл ауданымен шектеседі, шығысында – Ертіс ауданынан Ертіс өзені арқылы бөлінген.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды, көктем-жаз айларында құрғақшылық орын алады, жауын-шашын көбінесе жаз ортасында болады, жазда және қыста жоғарғы температура орына алады, кеш көктемгі және ерте күзгі салқындармен ерекшеленеді, жыл бойы жел соғып тұрады. Қаңтар-ақпан айларында ең төмен, ал маусым-шілде айларында ең жоғарғы температура байқалады. Қаңтардың орташа температурасы −18º −19ºС-қа, шілденің - +19º +20ºС-қа тең. Жауын-шашынның орта жылдық мөлшері— 275,5 мм, кейде 300 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның көп түсетін кезі – маусым-шілде айларының соңында, кейде тамыз айында. 10 см қар жамылғысы қараша айының соңында бекиді, жоғарғы биіктікке ақпан айының соңы – наурыз айының басында жетеді.

Жер бедері мен гидрография

Аудан аумағы көбінесе жазық жер болып келеді, онда сазда мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан аумағында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі. Жусан, бетеге өседі, ауданның 18% -не жуығын қайыңдар алады. Қара топырақты жазықтар қайыңдармен бірге көркем ландшафт құрайды.

Флора және фауна

Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеу аралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 21810 ▲37079 ▲44632 ▼39322 ▼35761 ▼26293 ▼17849 ▼15454

Ұлттық құрамы

Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • орыстар — 7 937 адам (46,15 %)
  • қазақтар —6 965 адам (40,5 %)
  • украиндар — 640 адам (3,72 %)
  • немістер — 946 адам (5,5 %)
  • татарлар — 254 адам (0,15 %)
  • беларустар — 143 адам (0,83 %)
  • басқалары — 312 адам (1,81 %)
  • Барлығы — 17 197 адам (100,00 %)

Халық санының динамикасы

1999 жылы халық саны — 26,3 мың адамды, 2012 жылы — 17,19 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 3,45 адамнан, ал 2012 жылы 2,23 адамнан келді.

Тарихы

1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Максим Горький ауданының бір бөлігінен орталығы Өрлітөбе ауылы болатын Өрлітөбе ауданы құрылды. 1938 жылы Павлодар облысы құрылып, Өрлітөбе ауданы аталған облыстың құрамына енді. Кейінірек аудан орталығы Железинка ауылына көшірілді. 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданының шағындалуы есебінен Михайлов ауданы (орталығы Михайловка ауылы) құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы Өрлітөбе ауданына қосылды.

1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Павлодар облысы құрамына енді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Өрлітөбе ауданының негізінде Железин ауданы құрылды.

Әкімшілік бөлінісі

32 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақтау ауылдық округі 548 ▼403 73,5 257 ▼203 79 291 ▼200 68,7
Алакөл ауылдық округі 776 ▼632 81,4 395 ▼322 81,5 381 ▼310 81,4
Башмачин ауылдық округі 1364 ▼1181 86,6 659 ▼595 90,3 705 ▼586 83,1
Веселорощин ауылдық округі 1198 ▼900 75,1 598 ▼462 77,3 600 ▼438 73
Еңбекші ауылдық округі 1124 ▼735 65,4 564 ▼383 67,9 560 ▼352 62,9
Железин ауылдық округі 6174 ▲6324 102,4 2921 ▲3107 106,4 3253 ▼3217 98,9
Қазақстан ауылдық округі 1329 ▼1128 84,9 655 ▼586 89,5 674 ▼542 80,4
Лесной ауылдық округі 910 ▼701 77 451 ▼371 82,3 459 ▼330 71,9
Майлы ауылдық округі 448 ▼237 52,9 231 ▼129 55,8 217 ▼108 49,8
Михайлов ауылдық округі 2344 ▼1805 77 1160 ▼918 79,1 1184 ▼887 74,9
Новомир ауылдық округі 521 ▲523 100,4 272 ▲283 104 249 ▼240 96,4
Прииртыш ауылдық округі 1113 ▼885 79,5 561 ▼459 81,8 552 ▼426 77,2
ЖАЛПЫ САНЫ 17849 ▼15454 86,6 8724 ▼7818 89,6 9125 ▼7636 83,7

Экономика

Аудан аумағы бойынша «Омбы—Қарасуық» теміржолы, «Павлодар—Железинка—Омбы», «Кашыр—Купино» автомобильді жолдары өтеді.

Ауыл шаруашылығы

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы (бидай), сүт шаруашылығы, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, тері шикізаты өндіріледі. Ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын 13 ауылшаруашылық қожалықтары, 264 шаруа қожалықтары, 6706 жеке қоныстары айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндіру— 3 шұжық цехы, 3 сүтті қайта өндіру обьектілері, 7 жел диірмені, 1 жармаүккіш, 8 күнбағыс майын қайта өндеу цехы, 8 наубайхана (барлығы 30 қайта өндеу объектілері) бар.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Ауданда 36 орта жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды ұйымдары мен 2 кәсіби лицей-мектебі бар.

Денсаулық сақтау

Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам.

Мәдениет

Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар. 1935 жылдан бастап аудандық газет шығарылады. Көркемөнердің монументалды ескерткіші Кеңес Одағының батыры И.В. Бабинге арналған 1965 жылы даталанған мүсін мен 1920 жылғы И.Д. Путинцев бастамасымен В.И. Ленинге арналған бақ болып табылады. Аудан тұрғындары үшін Железинка орталық аудандық кітапхана қызмет етеді.

Әйгілі адамдар

  • Кеңес Одағының батырлары: И. В. Бабин, А. С. Квитков, И. Г. Ледовской.;
  • Социалистік Еңбек ерлері: Ж. К. Жүсіпов, М. И.Трусов.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Кіші жүз

  • Наурыз 10, 2026

    Абай Құнанбайұлы

  • Наурыз 29, 2026

    Қорғалжын қорығы

  • Сәуір 04, 2026

    Абай Құнанбаев

  • Сәуір 05, 2026

    Ленин ордені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары