Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

53°13′12″ с. е. 76°23′24″ ш. б. / 53.22000° с. е. 76.39000° ш. б. / 53.22000; 76.39000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°13′12″ с. е. 76°23′24″ ш. б. / 53.22000° с. е

Тереңкөл ауданы

  • Басты бет
  • Тереңкөл ауданы

Тереңкөл ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Тереңкөл ауылы.

Қазақстан ауданы
Тереңкөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Тереңкөл

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

28

Әкімі

Азамат Тоқтамысұлы Маңғұтов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, №172

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°13′12″ с. е. 76°23′24″ ш. б. / 53.22000° с. е. 76.39000° ш. б. / 53.22000; 76.39000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°13′12″ с. е. 76°23′24″ ш. б. / 53.22000° с. е. 76.39000° ш. б. / 53.22000; 76.39000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928 жыл

Жер аумағы

6,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

19 943 адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (43,66 %)
қазақтар (40,03 %)
немістер (7,92 %)
украиндар (4,89 %)
татарлар (0,85 %)
беларустар (0,75 %)
басқалары (1,9 %)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140600-140612

Автомобиль коды

14

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Тереңкөл ауданы

Мазмұны

Тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда Фёдоров ауданы құрылды, ол сол жылы 23 маусымда Максим Горький ауданы болып өзгертілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Максим Горький ауданының аумағында Қашыр ауданы құрылды. ҚР Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы Жарлығымен аудан атауы Тереңкөл болып өзгертілді.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Солтүстік-батысында — Железин ауданымен, солтүстік-шығысында – Ресейдің Новосибирск облысының Қарасуық ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстігінде – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Өзен арқылы Ақтоғай, Ертіс аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобиль жолдары өтеді.

Климаты

Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.

Жер бедері мен гидрография

Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар.

Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген.

Флора және фауна

Бетеге, жусан, тал, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққу мекендейді. Тұзды көлдерде табан, алабұға, шабақ, шортан кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 24385 ▲43025 ▲50121 ▼44535 ▼41979 ▼31666 ▼22208 ▼20234

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • орыстар — 9 190 адам (43,16%)
  • қазақтар — 8 388 адам (39,39 %)
  • украиндар — 1 274 адам (5,98 %)
  • немістер — 1 698 адам (7,97 %)
  • татарлар — 141 адам (0,66 %)
  • беларустар — 210 адам (0,98 %)
  • басқалары — 390 адам (1,83 %)
  • Барлығы — 21 291 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны — 31,7 мың адамды, 2012 жылы — 21,291 мың адамды құрады. 1999 жылы халықтың орташа тығыздығы — 4,66 адам/км², ал 2012 жылы — 3,13 адам/км² болды.

Әкімшілік бөлінісі

28 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Алтай ауылдық округі 1144 ▼897 78,4 566 ▼466 82,3 578 ▼431 74,6
Әулиеағаш ауылдық округі 949 ▼662 69,8 467 ▼347 74,3 482 ▼315 65,4
Байқоныс ауылдық округі 1435 ▼1352 94,2 712 ▼688 96,6 723 ▼664 91,8
Береговой ауылдық округі 1646 ▼1494 90,8 821 ▼759 92,4 825 ▼735 89,1
Жаңабет ауылдық округі 1158 ▼1015 87,7 559 ▼521 93,2 599 ▼494 82,5
Жаңақұрылыс ауылдық округі 1126 ▼681 60,5 580 ▼378 65,2 546 ▼303 55,5
Иванов ауылдық округі 832 ▼646 77,6 414 ▼328 79,2 418 ▼318 76,1
Калинов ауылдық округі 837 ▼662 79,1 419 ▼344 82,1 418 ▼318 76,1
Октябрь ауылдық округі 1262 ▼772 61,2 628 ▼397 63,2 634 ▼375 59,1
Песчан ауылдық округі 3080 ▼2654 86,2 1490 ▼1321 88,7 1590 ▼1333 83,8
Тереңкөл ауылдық округі 7710 ▲8507 110,3 3667 ▲4144 113 4043 ▲4363 107,9
Томарлы ауылдық округі 1029 ▼892 86,7 487 ▼434 89,1 542 ▼458 84,5
ЖАЛПЫ САНЫ 22208 ▼20234 91,1 10810 ▼10127 93,7 11398 ▼10107 88,7

Экономика

Өнеркәсібі

Жөндеу-механикалық, май және нан зауыттары, құрылыс материалдары мен конструкуциялар комбинаты, тұрмыстық қамтамасыз ету, ағашты қайта өндеу комбинаттары, құрылыс және автокөліктік кәсіпорындары, типография бар.

Ауылшаруашылық

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүт және ет-сүтті мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда 15 ауылшаруашылық және 145 шаруа қожалықтары, 7863 жеке қоныстар; 41 қайта өндеу объектілері: 12 шағын-диірмендер, 1 сүтті қайта өндеу бойынша цех, 10 күнбағыс өндіру бойынша цехтар бар.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

2012 оқу жылында 31 жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды мекемелері мен 2 кәсіби мектептер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау

Ауданда Қашыр орталық аудандық аурухана қызмет етеді, бас дәрігер Әмірқан Тұрғылдинов.

Мәдениет

1934 жылдан бастап аудандық «Заря» газеті шығарылады. Ауданда жылжымайтын мәдениет және тарихи ескерткіштері бар: Кеңес Одағының батыры А.Н. Елгиннің мүсіні, 1964 ж, Қашыр ауылы

  • XIX ғ. аяғындағы А.Н. Елгиннің үйі, Қашыр ауылы
  • Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы , 1979 жылғы ГАЗ-АА автомашинасы, Березовка ауылы

Әйгілі адамдар

Кеңес Одағының батырлары: А.Н. Ёлгин, М.М. Катаев, В.В. Степаненко, Қ.М. Сұрағанов ; Социалистік Еңбек Ерлері: Ж. Әбілқайыров, Н. Әлжанов, В.С. Выдрин, З.А. Жуков, Д.С. Козолуп, Т.И. Рахманин, П.С. Рябова, Н.М. Соколов.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    XIII ғасыр

  • Сәуір 03, 2026

    Македон тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Лигурий теңізі

  • Сәуір 04, 2026

    Қан жасушалары

  • Сәуір 04, 2026

    Бөкей Ордасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары