| Jetisý | |
| «Жетісу» телерадиокомпаниясы» ЖШС | |
| |
| Ел |
|
|---|---|
| Хабар тарату уақыты | тәулік бойы |
| Хабар тарату тілдері | қазақша, орысша |
| Басқару орталығы | Талдықорған, Балапанов көшесі, 28 |
| Арнаның тақырыптамалары | ақпараттық-танымдық, отбасылық |
| Хабар таратуын бастады | 1999 жыл |
| Иесі | Жетісу облысының әкімдігі |
| Директоры | Байболатов Дәнеш Асқарбекұлы |
| Бұрынғы атаулары | Жетісу |
| Сайт | |
Жетісу телеарнасы — 1999 жылы құрылған Жетісу облысының ақпараттық-танымдық, отбасылық телеарнасы.
Хабар тарату аумағы ОTAU TV спутниктік желісі арқылы Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттері, ID-TV кабельдік желісі арқылы Қазақстан, сонымен қатар ALMA-TV мен Қайнар-TV арқылы Алматы және Жетісу облыстарының аумағы.
Әр түрлі саланы қамтитын 40-тан астам төл бағдарламасы бар. Ал мұрағатында шығармашылық ұжыммен жасалған жүздеген бағдарламасы бар. Қазіргі таңда эфирге әр түрлі бағыттағы 23 бағдарлама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар шығарып таратады.
Тарихы
- 2015 жылы телеарнаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
- Дәл осы жылы HD (16*9) форматына ауысты. Қазақстанда техникалық мүмкіндіктері бойынша екінші болып саналатын медиа-орталық құрылды.
- Алфавит бойынша телеарналар
- Қазақстан телеарналары
