Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жыртқыш құстар — дене мөлшері сан алуан: 35 граммнан (титтей сұңқар) 12 килоға дейін (тазқара, құмай) жететін, 270-290 түрді біріктіретін құстар отряды.

Жыртқыш құстар

  • Басты бет
  • Жыртқыш құстар

Жыртқыш құстар — дене мөлшері сан алуан: 35 граммнан (титтей сұңқар) 12 килоға дейін (тазқара, құмай) жететін, 270-290 түрді біріктіретін құстар отряды.

Жыртқыш құстардың түрлері

Оларды тек қана жыртқыштық өмір сүру дағдысы біріктіреді. Жыртқыш құстардың тұмсығы ілмек тәрізді болады. Тұмсықтың түбінде тақыр, ашық өңді тері – балсірі бар, танау тесіктері соған ашылады. Тұмсығы өткір және тұтқыр тырнақтарымен бірге құстың олжасын аулап, өлтіретін негізгі құралы болып саналады. Жыртқыш олжасын жүні, қауырсыны және сүйектерімен қоса жейді. Сосын жеуге жарамсыз бөлікті лоқсып, былықпа түрінде құсады. Негізінде күндіз белсенді өмір сүреді, жемін аулайлайтын жыртқыш құстар онша көп емес. Моногамиялы, яғни жұбы бірнеше жылдар бойы тұрақты болады, алайда көбінесе жылма-жыл көбеймейді. Балапандары жұмыртқадан жарып шыққында мамақтанып, көзі ашық болады да, ата-енесінің қамқорлығын қажет етеді, Отряд бес тұқымдастан құралады - құмайлар, балықшы тұйғындар, қаршығалар, хатшықұстар және сұңқарлар тұқымдастары. Қазақстанда үш тұқымдастан балықшы тұйғын, қаршыға және сұңқар тұқымдастардан 39 түрдің өкілдері өмір сүреді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Қыркүйек 03, 2026

    Ізтілеуов Тұрмағамбет

  • Шілде 09, 2026

    Қоныс аудару

  • Наурыз 12, 2026

    Тың игеру

  • Маусым 17, 2026

    Есен Елеукен

  • Шілде 24, 2026

    Ғабдолғазиз Мұсағалиев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары