Зиянды заттар - 1) адам организмімен жанасуы нәтижесінде өндірістік жарақаттануға әкелетін, кәсіптік ауруларды немесе адам денсаулығында қандай да бір ауытқуларды туғыза алатын химиялық қосылыстар; әдетте, мұндай заттардың тізімін құзырлы мемлекеттік арнаулы мекеме бекітеді; 2) организмнің өсуіне, дамуына немесе денсаулығына нұқсан келтіретін химиялық заттар. Бұлардың зиянды әсері бірден білінбейді, кейде мұндай ауытқулар ата-анасында байқалмағанымен, келесі ұрпақтарда білінеді.
Санаттар:
- Ғылым
- Сәулет және құрылыс