Сырлыбек Байжанов (1912 жылы туған, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы) – Социалистік еңбек ері (1.8.1959). Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтында оқыған (1940), оқытушылықпен айналысты. 1940 – 1946 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 1960 жылдары Түркістан станциясында паровоз депосы бастығының орынбасары, Қазақ теміржолы Арыс бөлімшесінің бас инженері, Қазақ теміржолы бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Арыс станциясында поездарды құрастырудың жүйелі әдісін өндіріске енгізді.
Санаттар:
- 1912 жылы туғандар
- Түркістан облысында туғандар
- Социалистік еңбек ерлері
- Қазақстан теміржолшылары
- 1986 жылы қайтыс болғандар