Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ибраһим Ата, ИбраҺим шейһ (XI ғасырдың аяғы, Түркістан өңірі, Сайрам қаласы – XII ғасырдың басы, сонда) – белгілі шейх, Қожа Ахмет Ясауидің әкесі.

Ибраһим Ата

  • Басты бет
  • Ибраһим Ата

Ибраһим Ата, ИбраҺим шейһ (XI ғасырдың аяғы, Түркістан өңірі, Сайрам қаласы – XII ғасырдың басы, сонда) – белгілі шейх, Қожа Ахмет Ясауидің әкесі.

Аңыздар, жазба деректері

Ибраһим ата туралы XVII ғасыр аяғы - XVIII ғасыр басындағы жазба деректер мен XIX-XX ғасырлар басындағы фольклорда Қожа Ахмет Ясауидің әкесі екендігі бірауыздылықпен айтылады. Бір топ аңыздарға сәйкес Ифтихардың ұлы Махмұдұлы Ибраһим – XI ғасырдың екінші жартысында Сайрамда (Исфиджабта) өмір сүрген түргеш тайпасының ұрпағы, жергілікті түріктерден шыққан сопы шейхы.
Оның Сәдір шейх және Ахмет Қожа атты екі ұлы болады. Екінші ұлына түріктің ұлы ақыны және сопылық дана болу тағдыры жазыпты.
Екінші бір ағыз шежіре нұсқасы бойынша Ибраһим ата Ысқақ баб әулетінің төртінші ұрпағына жатса, Мұхаммед пайғамбардың немере бауыры мен күйеу баласы тақуа Әли халиф әулетінің он бесінші ұрпағы болып табылады.
Ибраһим ата Қожа Ахмет жеті жаста болған кезде қайтыс болады.
Аңыздар бойынша ол – мыңдаған мүридтердің ұстазы. Ол көрегендік қасиетке ие болған.
Кейінгі уақыттағы фольклорда ол өсімдіктермен түрлі ғажайыптар жасайтын бақшашы немесе диқаншы ретінде бейнеленеді.
Ол Қожа Ахмет Ясауидің ең жақын туыстары – сайрамдық әулиелер тобын басқарған.

Сайрамда бүгінгі күнге дейін Ибраһим Ата мен оның зайыбы Айшаның мазарын құрмет тұтады. Ибраһим Ата және оның баласы Қожа Ахмет Ясауи – қазақ жерінде исламды таратуда шешуші рөл атқарған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Кіші жүз

  • Наурыз 14, 2026

    Құрманғазы Сағырбайұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Ат-Тәубә сүресі

  • Сәуір 07, 2026

    Әбдіжәміл Нұрпейісов

  • Сәуір 07, 2026

    Көк кептер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары