Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Имантау
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Солтүстік Қазақстан

Ауданы

Айыртау

Ауылдық округі

Имантау

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°58′41″ с. е. 68°21′17″ ш. б. / 52.97806° с. е. 68.35472° ш. б. / 52.97806; 68.35472 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°58′41″ с. е. 68°21′17″ ш. б. / 52.97806° с. е. 68.35472° ш. б. / 52.97806; 68.35472 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1848

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2459 адам (2009)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

15

Имантау картадаБайқоңырБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көлі
Имантау картада
Имантау
Имантау
Имантау картада
Имантау
Имантау
 Басқа мағыналар үшін Имантау деген бетті қараңыз.
Имантау ауылындағы ашылған страус фабрикасы

Имантау — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Имантау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Имантау көлінің шығысындағы Жыланды өзенінің сағасында, қарағайлы-қайыңды орман шоқылары арасындағы жазықта орналасқан.

Халқы

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3101 адам (1543 ер адам және 1558 әйел адам) болса, 2009 жылы 2459 адамды (1195 ер адам және 1264 әйел адам) құрады.

Тарихы

Іргесі 1848 жылы қаланды. 1930 жылы ауылшаруашылығын ұжымдастыруға байланысты өзімен аттас ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1960 жылы ұжымшар негізінде құс фабрикасы (“Правда” газеті атынд.) мен Имантау астық кеңшары ұйымдастырылды. 1996 жылдан осы екеуінің негізінде бірнеше шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Имантауда құс фабрикасы, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

html error wiki