Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Атырау облысының Индер ауданы аумағында. Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15-18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Индер (көл)

  • Басты бет
  • Индер (көл)

Индер – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл.

Индер
Морфометрия
Өлшемі13,5 × 11 км
Ауданы110 км²
Жағалау сызығының ұзындығы40 км
Тереңдігі0,7 м
Орналасуы
48°27′48″ с. е. 51°55′19″ ш. б. / 48.46333° с. е. 51.92194° ш. б. / 48.46333; 51.92194 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°27′48″ с. е. 51°55′19″ ш. б. / 48.46333° с. е. 51.92194° ш. б. / 48.46333; 51.92194 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАтырау облысы
АуданИндер ауданы
Индер
Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Индер
Индер Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін Индер деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Атырау облысының Индер ауданы аумағында. Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15-18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Этимологиясы

Бұл сөз қалмақша ундер – „биік“, „қырат“, „биіктік“, монғолша ондор –„биіктік“, „биік“, бурятша ундэр – „биік қырат“, „биіктік“, әзірбайжанша һундур – „биік“ деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұрғындар мұны Дендер деп те атайды. Индер (Дендер) атау сөз ретінде түркі, монғол және басқа тілдерде де кеңінен қолданылып, бір-біріне жақын, сәйкес мағынаға ие келеді. Индер көлінің атауы «биік жота, қырат, биіктік» мәндерін білдіреді. Индер топонимі моңғол тілінде өндөр, қалмақ тілінде үндер "биік, зор, ұзын" сөзінен жасалып, алдымен тауға берілген атау екені анықталды.

Гидрографикасы

Шарасының аумағы 110 км2. Ұзындығы 13,5 км, ені 11 км, ең терең жері 0,7 м, жағалау сызығының ұзындығы 40 км. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. Көлге жылына 1,5 млн. тоннаға дейін тұз (негізінен NaCl) шөгеді. Көл тектоникалық процестер әсерінен жер бетінің аз-мұз ойысуы нәтижесінде пайда болған. Көл солтүстік-шығысында Индер таулары деп аталатын қыраттармен жапсарласады, оңтүстік жағалауы біршама тегіс үстіртке ұласады. Көлдің солтүстік бөлігі біршама ірі, геолиялық құрылысы жағынан күрделі тұзкүмбезді құрылымның оңтүстік қанаты бетінде орналасқан, оңтүстік жағалауы “каспийлік түзілімдер” деп аталатын соңғы геологиялық замандарда түзілген шөгінділерден құралған. Көлдің жағалау өңірі саздақты болып келеді, ол шағын-шағын жыралармен тілімденген. Көл атмосфералық жауын-шашын суларымен, мерзімді ағын суларымен және жерасты суларымен қоректенеді. Көлді қоректендіруші жерүсті сулары тек қана қар суының көктемде жаппай еруі нәтижесінде және нөсерлі жауындар есебінен қалыптасады, сондықтан олардың атқаратын рөлі шектеулі.

Қолданысы

Индер көлінен құрамында бром, калий бар жоғары сапалы ас тұзы өндіріледі. Ал көлдің лайлы саз-балшығы түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Адай округі

  • Сәуір 08, 2026

    Қызылорда қаласы

  • Сәуір 03, 2026

    Арал (айрық)

  • Сәуір 05, 2026

    Алматы қаласы

  • Сәуір 05, 2026

    Роман тілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары