Үлгі:Infobox Интертото Кубогы - 1995-2008 жылдар арасындағы Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Кубогы турнирлеріне жолдама алмаған командалар арасында, УЕФАның ұйымдастыруымен өткізілетін, жазғы, клубтық турнир. Кубок жеңімпаздары (2006/2007 маусымға дейін 3, кейін 11) УЕФА Кубогына жолдама алады.
Тарихы
Кубок ұйымдастырушысы болып Жәрмеңке Кубогының қалаушысы швейцариялық Эрнст Том мен аустриялық жаттықтырушы Карл Раппан болып табылады. Кубоктың алғашқы маусымы букмекерлік кеңсе қолдауымен 1961 жылы басталды.
Турнир алғашында Халықаралық Футбол Кубогы деп аталды. Оны УЕФА мойындамай, ресми мәртебесі болмады. Кубок топтық кезең, плей-офф және финал бойынша өткізлді. 1967 жылдан бастап турнирде плей-офф және финал өткізілмейтін болды, сондықтан дара жеңімпазы болмайтын болды.
1994 жылдан бастап УЕФА турнирді өз қолына алды, сонымен қатар турнир қалпын өзгертті. Ендігі кезекте турнир жеңімпаздары (алғашқы маусымда екеу, кейін үшеу) УЕФА Кубогына жолдама алатын болды. Еуропаның көптеген клубтары УЕФА Кубогына қатысуға тағы мүмкіндік алып қана қоймай, халықаралық кездесулерде тәжірибе жинады.
2006 жылы УЕФА турнирдің қалпын қайта өзгертті. Енді турнир жеңімпазы 3 емес 11 команда атанатын болды.
2007 жылдың қараша айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2009 жылғы маусымнан бастап Интертото Кубогын жауып тастауға бел буды.
Форматы
2006/2007 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді. Турнирде 5 кезеңнің орнына 3 кезең өткізілетін болды, ал жеңімпаздар саны 3-тен 11-ге ұлғайды. Турнирдің 11 жеңімпазы УЕФА Кубогының екінші квалификациялық кезеңінен бастайтын болды. Енді әр елден тек 1 команда қатыса алады.
Турнир жеребесі УЕФА коэффициенттер кестесіне қарай өткізілетін болды.
1-ші кезеңде УЕФА коэффициенттер кестесінде 23-ші орыннан 53-ші орында (Лихтенштейн, Сан-Марино және Андорра елдерінен басқа, олар турнирге мүлдем қатыспайды) тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 28 елден 28 команда. 2-ші кезеңде УКТ 9-шы орыннан 22-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 14 елден 14 команда. 3-ші кезеңде УКТ 1-ші орыннан 8-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 8 елден 8 команда.
Жеңімпаздар
2008 жыл
| Жыл | Жеңімпаздар | |||
|---|---|---|---|---|
| 2008 | ||||
Ескертпе:
- «Спортинг» Интертото Кубогының жеңімпаздары арасында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финала).
2007 жыл
| Жыл | Жеңімпаздар | |||
|---|---|---|---|---|
| 2007 | ||||
Ескертпе:
- Интертото Кубогы 2007 маусымында Норвегия мен Шотландия елдерінің командалары қатысқан жоқ, олардың орнына турнирге Андоррадан «Сант-Хулиа» және Румыниядан екінші команда «Глория» клубтары қатысты.
- Қазақстанның «Тобыл» клубы ТМД елдерінің ішінде алғашқы (және жалғыз) болып Интертото Кубогының жеңімпазы атанды .
- «Гамбург» Интертото Кубогының жеңімпаздары арсында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финала).
2006 жыл
| Жыл | Жеңімпаздар | |||
|---|---|---|---|---|
| 2006 | ||||
Ескуртпе:
- Интертото Кубогы 2008 маусымында Португалия командалары қатысқан жоқ, ал А Сериясындағы жанжалдан кейін Италия командаларының орнына турнирге Франциядан екінші команда «Осер» клубы қатысты.
- «Ньюкасл» Интертото Кубогының жеңімпаздары арсында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финал).
1995—2005 ж.
| Жыл | Жеңімпаздар | Финалистер | Есеп |
|---|---|---|---|
| 2005 | 1-0 (ү), 0-0 (с) | ||
| 1-1 (с), 3-1 (ү) | |||
| 0-2 (с), 5-1 (ү) | |||
| 2004 | 0-0 (ү), 2-0 (с) қос. | ||
| 2-1 (ү), 1-0 (с) | |||
| 2-0 (ү), 0-2 (с), п. 3-1 | |||
| 2003 | 2-0 (с), 0-0 (ү) | ||
| 2-1 (с), 0-0 (ү) | |||
| 1-0 (ү), 2-0 (с) | |||
| 2002 | 1-0 (с), 1-1 (ү) | ||
| 2-2 (с), 3-1 (ү) | |||
| 0-1 (с), 2-0 (ү) | |||
| 2001 | 1-1 (с), 4-1 (ү) | ||
| 0-0 (ү), 1-1 (с) | |||
| 0-0 (ү), 4-4 (с) | |||
| 2000 | 2-2 (с), 4-2 (ү) | ||
| 2-1 (ү), 2-2 (с) | |||
| 2-0 (с), 1-1 (ү) | |||
| 1999 | 1-1 (ү), 1-1 (с), п. 3-0 | ||
| 2-0 (ү), 2-2 (с) | |||
| 0-1 (ү), 3-1 (с) | |||
| 1998 | 2-0 (с), 2-1 (ү) | ||
| 1-0 (ү), 1-1 (с) | |||
| 1-0 (ү), 2-0 (с) | |||
| 1997 | 1-0 (с), 1-1 (ү) қос. | ||
| 1-0 (с), 3-2 (ү) | |||
| 0-0 (с), 2-0 (ү) | |||
| 1996 | 0-1 (с), 3-1 (ү) | ||
| 1-2 (с), 1-0 (ү) | |||
| 2-1 (с), 0-1 (ү) | |||
| 1995 | 1-1 (с), 6-1 (ү) | ||
| 2-0 (с), 2-2 (ү) |
Ескертпе:
- Доп саны тең аяқталған жағдайда, сырт алаңда көп доп соққан команда жеңімпаз атанады
- ү — үйдегі матч, с — сырттағы матч
- қос — Ойын нәтижесі қосымша уақытта белгілі болды
- п. — пенальти
1967–1994 жыл
Бұл жылдары ешкім жеңімпаз атанған жоқ, тек топтық кезеңдер өткізілді.
| 60-шы | 1967 | 1968 | 1969 | |||||||
| 70-шы | 1970 | 1971 | 1972 | 1973 | 1974 | 1975 | 1976 | 1977 | 1978 | 1979 |
| 80-ші | 1980 | 1981 | 1982 | 1983 | 1984 | 1985 | 1986 | 1987 | 1988 | 1989 |
| 90-шы | 1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 |
1961—1966 жыл
| Маусым | Жеңімапаз | Финалист | Есеп |
|---|---|---|---|
| 1966/67 | 1-1, 3-2 қос. | ||
| 1965/66 | 4-0, 0-1 | ||
| 1964/65 | 5-1, 0-3 | ||
| 1963/64 | 1-0 | ||
| 1962/63 | 0-0, 1-0 | ||
| 1961/62 | 4-2 |
Елдер бойынша жеңістер саны
Елдер бойынша
| Ел | Жеңімпаз | Финалист |
|---|---|---|
| 16 | 5 | |
| 10 | 4 | |
| 7 | 5 | |
| 6 | 2 | |
| 6 | 1 | |
| 3 | 3 | |
| 3 | 1 | |
| 2 | 1 | |
| 2 | 1 | |
| 2 | 1 | |
| 2 | 1 | |
| 1 | 1 | |
| 1 | 0 | |
| 1 | 0 | |
| 0 | 2 | |
| 0 | 2 | |
| 0 | 1 | |
| 0 | 1 | |
| 0 | 1 | |
Клубтар бойынша
| Елдер | Жеңімпаздар | Финалистер | Жеңімпаз клубтар | Финалист клубтар | |
|---|---|---|---|---|---|
| Франция | 16 | 5 | Осер (2), Бастия, Бордо, Генгам, Ланс (2), Лилль, Ренн, Лион, Марсель (2), Монпелье, ПСЖ, Страсбург, Труа, | Ренн Осер, Лилль, Мец, Монпелье, | |
| Германия | 10 | 4 | Гамбург (2), Герта, Карлсруэ, Шальке (2), Штутгарт (3), Вердер | Дуйсбург, Гамбург, Карлсруэ, Вольфсбург | |
| Испания | 7 | 5 | Сельта, Малага, Валенсия, Вильярреал (2), Атлетико, Депортиво | Атлетико, Депортиво, Валенсия, Вильярреал | |
| Италия | 6 | 2 | Болонья, Ювентус, Перуджа, Удинезе, Сампдория, Наполи | Болонья, Брешиа | |
| Англия | 6 | 1 | Астон Вилла (2), Фулхэм, Вест Хэм, Блэкберн, Ньюкасл | Ньюкасл | |
| Аустрия | 3 | 3 | Рапид, Рид, Штурм | Тироль, Пашинг, Аустрия | |
| Дания | 3 | 1 | Ольборг, Оденсе, Силькеборг | Оденсе | |
| Румыния | 2 | 1 | Оцелул, Васлуй | ЧФР, | |
| Швеция | 2 | 1 | Хаммарбю, Эльфсборг | Хальмстад | |
| Португалия | 2 | 1 | Брага, Униан Лейрия | Униан Лейрия | |
| Швейцария | 2 | 1 | Грассхопперс (2) | Базель | |
| Нидерланд | 1 | 1 | Твенте | Херенвен | |
| Норвегия | 1 | 0 | Русенборг | ||
| Түркия | 1 | 0 | Кайсериспор | ||
| Кипр | 1 | 0 | Этникос | ||
| Қазақстан | 1 | 0 | Тобыл | ||
| Словения | 1 | 0 | Марибор | ||
| Ресей | 0 | 2 | Ротор, Зенит | ||
| Чехия | 0 | 2 | Слован, Сигма | ||
| Бельгия | 0 | 1 | Стандард | ||
| Сербия | 0 | 1 | Войводина | ||
| Хорватия | 0 | 1 | Сегеста | ||
| Польша | 0 | 1 | Рух Хожув |
Тағы қараңыз
- УЕФА Кубогы
- УЕФА Еуропа Лигасы
Сілтемелер
- УЕФА клубтық турнирлері
- Футболдан халықаралық клубтық жарыстар
- Интертото кубогы