| Жеті самурай | |
| жапон. 七人の侍 | |
| |
| Жанры | тарихи фильм, драма, эпикалық фильм, дзидайгэки |
|---|---|
| Режиссёрі | |
| Продюсері | Содзиро Мотоки |
| Сценарийдің авторы | Акира Куросава |
| Басты рөлдерде | Тосиро Мифунэ |
| Операторы | Асакадзу Накаи |
| Сазгері | Фумио Хаясака |
| Қоюшы суретші | Со Мацуяма |
| Кинокомпания | Toho |
| Дистрибьютор | Toho |
| Ұзақтығы | 207 мин. |
| Бюджеті | 210 млн ¥ |
| Мемлекет |
|
| Тілі | |
| Шыққан жылы | 1954 |
| IMDb | |
Ортаққордағы Жеті самурай | |
Жеті Самурай (жапон. 七人の侍) — 1954 жылы түсірілген Жапонияның эпикалық самурай драмалық фильмі, Акира Куросава фильмді бірлесіп жазды, өңдеді және режиссерлық жасады. Фильм оқиғасы Жапония тарихындағы Сэнгоку дәуірі тұсында 1586 жылы орын алады. Кинода бір кедей ауыл тұрғындарының егін жинап алған соң өнімдерін тартып алуға келетін бандиттермен күресу үшін, күніне үш уақыт күріш тамағына жеті ронинді (rōnin, Еркін самурай) жалдауы туралы болады.
"Жеті самурай" жалпы үлкен екі бөліктен құралған, 207 минуттық болып, аралғында музыкалы 5 минуттық өткінші уақыт бар. Жеті самурайдың алғашқы 12 айлық табысы 268 миллион жапон иені болды. Ол 1954 жылғы Жапонның үшінші көп кіріс кіргізген киносы. 2002 жылы кионның қайта қойылуы АҚШта 271 841 доллар, Францияда 4124 доллар кіріс кіргізді. 2017 жылы "Жеті самурай" Британдық кино институты бойынша ең көп сатылған үй киносы есептелді.
Фильм осыған дейін әлемдегі ең әйгілі кинолар тізімінде ылғи да алдыңғы орындар алып келеді, олардың арасында Британ кино институтының Sight & Sound және Rotten Tomatoes қатарлылар бар. Сондай-ақ ол 2018 жылы BBC жағынан ең таңдаулы шетел фильмі деп танылды. Фильм "қайта ескеретін, үлгі тұтатын" фильмдердің бірі ретінде әлі де өз әсерін сақтап келеді.
Қысқаша сюжеті
Оқиға Жапонияның соғыс дәуірі аяқтап, біршама самурайлар бандыға айналып кеткен мезгілде болған.
Бір ауыл ылғи бандылардың талауына ұшырайды. Ауыл тұрғындары банды самурайлардың өнім жинап бола сала келетінін біледі. Шыдай алмаған олар басқа өңірлерден өздерін бандыдан қорғайтын самурай іздейді.
Ауыл өте кедей болатын. Олар жалданған самурайға тек әр күні үш уақыт ақ күріш тамағын ғана бере алатын еді. Ауыл ақсақалы "Қарны аш" самурайды тауып келіңдер дейді. Бірақ аш самурай қалай бандыға төтеп бере алсын. Дегенмен олар қаңғып жүрген, самурайлық рухы бар алты кісіні табады, оларға өзін самураймын деп таныстырған Кикучио қосылады. Сөйтіп жеті самурай ауылды қорғауға кіріседі.
Жеті самурай ауылдастарды белсенді күйге әкеліп, шынықтырып, ауыл маңында қорғаныс тосалғысын салып, көлшік орнатып, бәрін тәртіпке келтіре бастайды. Бұл барыста самурайлар мен дихандар арасында түрлі қайшылықтар болады, дегенмен бәрі ақырындап шешіледі.
Ақыры, қарақшылар ауылға шабуыл жасайды. Самурайлар мен диқандар селбесіп қарсы тұрып, көп бодау беріп, ақыры жеңіске жетеді. Жеті самурайдан тек 3 ғана аман қалады.
Жеңістен кейін самурайлар қаладан аттанады. Самурайлар басшысы Камбей еріксіз таңырқап: "Бұл бір жеңілісті соғыс болды... жеңуші самурай емес, диқандар." - дейді.
Фильмдегі жеті самурай
- Кикучио (菊千代, Тосиро Мифунэ) - күлкілі, құйын мінезді, шыдамсыз образ болып, негізінен жалған самурай есептеледі, дегенмен кейін пайдалы әрі ақылды екенін танытады. Соңында ерлікпен құрбан болады.
- Камбей Шимада (島田勘兵衛, Такаши Шимура) - соғыстан жалыққан ронин, бірақ құрметті әрі стратегияшы, жеті самурайдың басшысы. Ең соңында ол "Біз жеңілдік, ал диқандар жеңді" дейді, өлген төрт самурайдың моласына және жеңісті тойлап жатқан диқандарға қарап.
- Шичирджи (七郎次, Дайсуке Като) - ол Камбейдің ескі досы және бұрынғы лейтенант.
- Кацуширо Окамото (岡本勝四郎, Исао Кимура) - бай жериесі самурайдың ұлы, сынақтан өтпеген, Камбей оны шәкірттікке қабылдағысы келмейді.
- Хейахачи Хаяшида (林田平八, Минору Чиаки) - мейірбан, бірақ қабілеті онша емес жауынгер, оның жігері мен ақылы қиын жағдайда жолдастарын этикалық тұрғыда шабыттандырады.
- Кьюзо (久蔵, Сейджи Миягучи), байсалды, суық жүзді, өте шебер семсерші.
- Горбэй Катаяма (片山五郎兵衛, Йошио Инаба) - шебер садақшы, ол Камбейдің екінші командирі ретінде ауыл қорғанысының бас жоспарын құруға көмектеседі.
Марапаттар мен номинациялар
- Венеция кинофестивалі (1954)
- Жеңімпаз - Күміс арыстан - Акира Куросова
- Номинант - Алтын арыстан - Акира Куросова
- Майнити кино сыйлығы (1955)
- Жеңімпаз - Үздік қосалқы актер - Сейджи Миягучи
- Британ Академиясы сыйлығы (9-ші кезекті, 1956)
- Номинант - Үздік фильм үшін BAFTA сыйлығы
- Номинант - Үздік шетелдік актер үшін BAFTA сыйлығы - Тоширо Мифуне
- Номинант - Үздік шетелдік актер үшін BAFTA сыйлығы - Такаши Шимура
- Оскар (29 кезекті, 1957)
- Номинант - Үздік қоюшы суретші жұмысы (қара-ақ түсті) - Мацуяма
- Номинант - Үздік костюм дизайны (қара-ақ түсті) - Кохей Эзаки
- Юсси сыйлығы (1959)
- Жеңімпаз - Үздік шетелдік режиссёр - Акира Куросава
- Жеңімпаз - Үздік шетелдік актер - Такаши Шимура
Сыртқы сілтеме
- Нағыз еркектерге арналған 10 фильм
- Акира Куросава
- Джим Джармуш ұсынған 10 үздік фильм
- Әр дәуірдегі әлемдік ең таңдаулы 100 кино
- Әлемдік 100 таңдаулы кино
| ||||||||||
| ||||||
- Алфавит бойынша фильмдер
- 1954 жылғы фильмдер
- Акира Куросава фильмдері
- Жапон тіліндегі фильмдер
- Жапония ақ-қара түсті фильмдері
- Toho фильмдері
- 1954 жылғы Жапония фильмдері
- Жапония эпикалық фильмдері
- Жапония тарихи фильмдері
- Жапония драма-фильмдері
- Самурайлар туралы фильмдер
