| | |||
| Толық атауы | Fußballclub International | ||
|---|---|---|---|
| Құрылған жылы | 2013 | ||
| Стадионы | Mariannenpark, Leipzig Sportpark Tresenwald | ||
| Бас жаттықтырушы | |||
| Сайты | |||
| Жарыс | NOFV-Oberliga Süd (V) | ||
| |||
«Интер Лейпциг» (нем. Inter Leipzig) — 2013 жылы Германияның Лейпциг қаласында құрылған футбол клубы. Германияның NOFV-Oberliga атты бесінші лигасында ойнайды.
Тарихы
Интер Лейпциг миссиясына сәйкес "интернационалдық және ашық ойлы" Лейпциг футбол командасы болуды мақсат етеді. Лейпцигтің бұрынғы әкімі Вольфганг Тифензее клубтың экономикалық кеңесінде қызмет етеді.
2014-15 жылғы Саксония лигасына қатысу үшін Интер Лейпциг Жоғарғы Лаузицаның Ниски қаласынан келген SV See 90 клубымен бірікті. Бұған дейін клуб Лейпцигтің TuS Leutzsch командасымен бірігуді жоспарлаған, бірақ ол сәтсіз аяқталды.
Клубтың алғашқы ресми ойыны 2014-15 Саксония кубогының ашылу кезеңінде SV Lipsia Eutritzsch командасына қарсы өтті. Бұл матч Интер Лейпциг үшін 2:0 есебімен жеңіспен аяқталды.
2014-15 маусымының соңғы күнінде команда Heidenauer SV клубын 7:0 есебімен жеңіп, NOFV-Oberliga Süd лигасына жолдама алды.
2015 жылдың шілдесінде, команда өздерінің жаңа логотибін таныстырды. Бұрынғы жалғыз мүйіз бейнесінің орнына, Лейпциг қаласының геральдикалық символы — арыстан қойылды.
Логотип
2013–2015
2015–
- Алфавит бойынша футбол клубтары
- 2013 жылы құрылған футбол клубтары
- Германия футбол клубтары