| Иоахим фон Риббентроп | |
| Ulrich Friedrich Willy Joachim von Ribbentrop | |
| Туған күні | 30 сәуір 1893 |
|---|---|
| Туған жері | Везель |
| Қайтыс болған күні | 16 қазан 1946 (53 жас) |
| Қайтыс болған жері | Нюрнберг |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | Неміс |
| Әкесі | Рихард Ульрих Фридрих Иоахим Риббентроп |
| Анасы | Йоханна Софи Гертвиг |
| Жұбайы | Аннелиза фон Риббентроп |
Иоахим фон Риббентроп - фашистік Германияның басты соғыс қылмыскерлерінің бірі. 1930ж. Нацистік партияға кіріп, көп кешікпей Гитлердің сенімді адамдарының біріне айналды. Нацистер өкімет басына келгеннен кейін сыртқы саясат саласындағы арнаулы бюроны басқарды. 1936 ж. Лондонға елші болып тағайындалды. 1938 жылғы ақпан - 1945 ж сыртқы істер министрлігі Иоахим фон Риббентроп гитлерлік агрессияның аса маңызды актілерін дипломатиялық жағынан әзірлеу, дүние жүзілік үстемдікке жету мақсатымен әскери-саяси блок құру жұмыстарына басшылық етті. Нюрнбергтегі Халықаралық әскери трибуналдың үкімімен дарға асылды.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 30 сәуірде туғандар
- 1893 жылы туғандар
- 16 қазанда қайтыс болғандар
- 1946 жылы қайтыс болғандар
- Германия тұлғалары
- Рейхсминистрлер
- Өлім жазасына кесілген саясаткерлер