Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Абай, Келес ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, дипломат, 2025 жылдан бастап қызметтегі Алматы әкімі. Бұрын Шымкент (2013—2015) және Түркістан облысының әкімі (2022—2025) болған.
| Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды | ||||
| ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 24 мамыр 2025 жылдан бастап | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Ерболат Досаев | |||
| ||||
| 6 қаңтар 2025 — 24 мамыр 2025 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Тимур Сүлейменов | |||
| Ізбасары | Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары ретінде Ерболат Досаев | |||
| ||||
| 31 тамыз 2022 — 6 қаңтар 2025 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Өмірзақ Шөкеев | |||
| Ізбасары | Нұралхан Көшеров | |||
| ||||
| 18 наурыз 2019 — 30 тамыз 2022 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Ерік Өтембаев | |||
| Ізбасары | Бейбіт Атамқұлов | |||
| ||||
| 5 қазан 2018 — 18 наурыз 2019 | ||||
| Ізбасары | Айгүл Қапбарова | |||
| Төраға | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| ||||
| 27 мамыр 2013 — 19 тамыз 2015 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Қайрат Молдасейітов | |||
| Ізбасары | Ғабидолла Әбдірахымов | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Аманат | |||
| Білімі | С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институты (1996) Қазақ мемлекеттік заң университеті (2003) | |||
| Дүниеге келуі | 26 наурыз 1974 (51 жас) Келес ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы | |||
| Жұбайы | Жанар Мекембаева | |||
| Балалары | 3 | |||
| Марапаттары | ||||
| өңдеу | ||||
Білімі
Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қызметі
- Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.
- 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
- 2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.
- 2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
- 2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.
- 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.
- 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
- 2025 жылғы 6 қаңтарда Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- 2025 жылғы 24 мамырда Алматы қаласы мәслихатының жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізіліп, Сатыбалды лауазымға тағайындалды.
Отбасы және балалары
- Әйелі: Мекембаева Жанар Ахмеджанқызы (1981)
- Ағайындылар: Сатыбалдиев Ғабит Амангелдіұлы - SAT-NS ЖШС және SAT Group Construction ЖШС құрылтайшысы, Сатвалдиев Сұңқар Амангелдіұлы-SAT GROUP Project ЖШС құрылтайшысы.
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі
- Құрмет ордені








