Қағидашылар | |
| اصولگرایان | |
| Рухани басшысы | Голям-Әли Хаддад Адель |
|---|---|
| Парламенттегі басшысы | Мұхаммед-Багер Галибаф |
| Идеологиясы | Хомейнизм
|
| Сарапшылар кеңесі | 59 / 88 (67%) |
| Сақшылар кеңесі | 6 / 12 (50%) |
Қағидашылар (парсы: اصولگرایان, Osul-Garāyān) — төңкерістен кейінгі Иран басты екі саяси топтың бірі. Екінші топ — реформашылар. Фракция халықаралық status quo-ға қарсы, алайда жергілікті саясатты қолдайды.
Демографиясы
Иран студенттері сауалнама агенттігінің (ИССА) 2017 жылғы сәуірдегі сауалнамасы ақпаратынша ирандықтардың 15% өзін қағидашы дейді. 28% өзін реформашы деді.
Фракциялары
- Ультраконсерваторлар кейде неоконсерваторлар делінеді. Бұл топ консерваторлығын көбірек білдіртеді және Батыс әлеміне салыстырмалы түрде қақтығысшы қарайды. Көптеген нео- мен ультраконсерваторлар Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілдері, не жақтаушылары болады.
- Дәстүрлі консерваторлар — кезінде төңкерісшілермен және Рухолла Хомейнимен байланысты болған тұлғалар тобы. Бұл консерваторлар исламшыл үкіметті және имамдар билігін қолдайды.
- Ауытқушы ағым деп Махмұд Ахмадинежад басшылығындағы консерваторлар делінеді. Олар жиі ұлтшыл, әрі популист болады.
Сайлаудағы нәтижелері
Иран президенттері арасында қағидашы деп Махмұд Ахмадинежад пен Ибраһим Раисиді айтуға болады.
Заң шығарушы органдар
| Мандаттары | Сайлауы | ± |
|---|---|---|
54 / 290 (19%) | 2000 | ▬ |
196 / 290 (68%) | 2004 | ▲ 142 |
195 / 290 (67%) | 2008 | ▼ 1 |
184 / 290 (63%) | 2012 | ▼ 11 |
86 / 290 (30%) | 2016 | ▼ 98 |
221 / 290 (76%) | 2020 | ▲ 135 |
199 / 290 (69%) | 2024 | ▼ 22 |
Ескертпелер
- Қағидашылар ресми түрде өзін «сионист режіміне» қарсы дейді, алайда олар жиі антисемиттік көзқарасқа ие (мысалға, Холокостқа күмән көрсетеді).
- "Ultraconservatives" are also referred to as "Neoconservatives" or "Neo-fundamentalists".
Санаттар:
- Алфавит бойынша саяси партиялар
- Иран саясаты
- Исламизм
- Саяси терминология