Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мойынның ішкі көктамырыБұғанаасты көктамырЖоғарғы қабырғаралық көктамырОмыртқа көктамырыАстынғы қалқанша көктамыры

Иық-бас көктамыры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Иық-бас көктамыры
Қалқанша без және оның байланыстары. (Төменгі ортасында: "Оңжақ атаусыз көктамыр" және "Солжақ атаусыз көктамыр" белгілері көрінеді.)
Қолқа доғасы және оның тарамдары. (Оңжақ иық-бас көктамыры жоғарғы оң жақта белгіленген; солжақ иық-бас көктамыры ортаңғы жағында белгіленген.)
Латын тілі vena brachiocephalica
vena anonyma
Прекурсор Басталады:

Мойынның ішкі көктамыры
Бұғанаасты көктамыр
Жоғарғы қабырғаралық көктамыр
Омыртқа көктамыры
Астынғы қалқанша көктамыры

Оңжақ және солжақ Иық-бас көктамыры (кейде Брахиоцефалдық көктамыр, ағылш. brachiocephalic vein, немесе атаусыз көктамыр, ағылш. innominate vein) — жоғарғы кеудедегі мойынның ішкі көктамыры мен Бұғанаасты көктамырдың бірлігінен қалыптасады. Ол стерноклавикулярлық буын тұсында. Сол жақ Иық-бас көктамыры әдетте оң жақтағыдан ұзынырақ.

Бұл көктамырлар бірігіп жоғарғы көктамыр қуысын (superior vena cava) жасайды, ол ірі қантамыр болып, төс сүйек сабы (manubrium sternum) мен бірінші шеміршек қабырғасының (first costal cartilage) түйіскен жерінің артқы жағына орналасқан.

Иық-бас көктамырлары - жоғары қуыс көктамырына қан жіберетін негізгі тамырлар.

Салалары

Кеуде және құрсақ аймағының көктамырлары

Иық-бас көктамыры Бұғанаасты көктамыр мен мойынның ішкі көктамырының өзара қосылуынан пайда болады. Бұдан басқа, ол ие болатын ағыс формалары:

  • Солжақ және оңжақ кеуденің ішкі көктамыры (кейде омыраудың ішкі көктамыры деп те аталады): оларға қатысты көктамырлардың төменгі шекарасына құяды
  • Солжақ және оңжақ астыңғы қалқанша көктамырлары: қосылған тұс маңындағы оларға қатысты көктамырлардың жоғарғы жағына құяды
  • Солжақ және оңжақ омыртқа көктамыры
  • Солжақ жоғарғы қабырғааралық көкамыр: солжақ иық-бас көктамырына құяды..

Эмбриологиялық қайнары

Солжақ иық-бас көктамыры солжақ алдыңғы негізгі көктамырдың соңғы бөлігі кері кетіп шөжіген кезде, солжақ және оңжақ алдыңғы негізгі көктамырлар (anterior cardinal veins) арасында қалыптасады.

Қосымша суреттер

Жоғары