Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Айтбай мешіті – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.

Айтбай мешіті

  • Басты бет
  • Айтбай мешіті

Айтбай мешіті – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.

Айтбай мешіті
Ел

 Қазақстан

Қала

Қызылорда

Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Ағымы

суннизм

МДБ

ҚМДБ

Сәулетшісі

Ысқақ пен Қамал

Құрылысы

1878 жылы

Көлемі

16х12 м

Картада орналасуы
Айтбай мешіті (Қазақстан)Қарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Айтбай мешіті (Қазақстан)

Координаттар: 44°50′21″ с. е. 65°29′36″ ш. б. / 44.83917° с. е. 65.49333° ш. б. / 44.83917; 65.49333 (G) (O) (Я)

Мазмұны

Орналасқан жері

Қызылорда қаласы, Сәтпаев көшесі, 18.

Тарихи деректер

ХІХ ғасырдың 70-жылдары Перовскіде мешіттер құрылысы қарқынды жүргізіле бастайды. Қысқа мерзімде Ақмешітте қазақ, өзбек, татар мешіттері бой көтереді. Солардың қатарында 1878 жылы Айтбай қажы Балтабайұлының бастамасымен Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Қамал құрылысын жүргізген мешіт болды. Мешіт құрылысына Айтбай қажы 40 мың рубль қаржы шығарса, қалған шығынын жергілікті тұрғындар көтерген.
Кеңес билігі кезінде мешіт ғимараты әртүрлі қызмет атқарды: 1950 жылдары кинотеатр ретінде пайдаланылса, кейін ол жерге мектеп-интернат, 1970-1971 жылдары тігін цехы, одан кейін МҒҚҚКШ "Қызылорда қалпына келтіру" мекемесі орналастырылды. Ал қазіргі таңда ғимаратқа мешіт мәртебесі қайтарылған.
Ескерткішті "Қазақ жобалау-қалпына келтіру институты" зерттеп, 1980 жылы мешітті толық қалпына келтіру-жөндеу жобасын жасайды.

Мешіт сипаты

Ғимарат тікбұрышты жоспарда күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, көлемі 16х12 м. Іргетасы да дәл осындай кірпіштерден қаланған. Негізінің тереңдігі 1,70 м, ені 0,90 м. Мешіт ішкі қабырға арқылы намаз оқу залына және вестибюльге бөлінген. Залдың ортасында темір жабындысымен жабылған, шатырға қарай жоғарылайтын күмбез кеңістігі орналасқан. Ғимарат сыланып, әктелген, төбесі боялған. Мешіттің қасбеті, әсіресе, михрабы бар батыс қасбеті, кірпіштермен айшықты қаланып сәнделген, Бұл қасбет белдеушелер, карниздер, пилястрлер сияқты көлденең және тігінен қолданылатын элементтердің әрекеттестіктерінен құралған симметриялы маңдай алды композиция түрінде шешімін тапқан. Қабырғаның беткі жағы пилястрмен бес бөлікке бөлінген: орталық және одан әр жаққа екіден бөлінген. Орталық бөлігіне жақын тұрған бөліктер шеткілеріне қарағанда тар болып келген. Орталық бөлік көркем безендірілген. Оның төменгі бөлігінде қабырғадан шығыңқы түрде орналасқан "көп қырлы" михраб, ал жоғарғысында – картуштармен безендірілген аттик орналасқан. Қалған бөліктер бірдей безендірілген. Олар михраб деңгейінде шығыңқы кірпіштерден сәулелі арка түрінде аяқталған жапсырма "жиектемеулермен" безендірілген. Жоғарғы жағында олар кіші қуыстармен "тігіс" түрінде безендірілген таспалы өрнектермен көмкерілген. Пилястрлер кронштейн-сухариктер түріндегі сәндік элементтері бар жіңішке көлденең шығыңқылармен және ернеулермен айшықталған.
Ескерткіш "кірпіш стилін" жақсы пайдаланудың бірден-бір үлгісі болып табылады. Мешіт ежелгі мұсылман діни-сәулет өнерінен өзгеше түрде салынған.

Нысан – мұсылмандық діни рәсімдер жүргізетін ежелгі, қасиетті ескерткіштердің бірі болып саналады. Мешіт құрылысында ислам сәулет өнерінде сирек кездесетін стиль пайдаланылған. Айтбай мешітіне діни мерекелерде (ораза, құрбан айт және жұма намаздарда) жылына шамамен 1000-ға жуық адам келеді. Мешітте намаз оқитын орын, асхана бар және имамдар да қызмет етеді. Ал мешіттің ауласында, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағында қызмет және тұрғын бөлмелері де бар.

Галерея

  •  
    Күзету туралы тақтасы ҚазКСР кезінен
  •  
    Ғимараттың қасбеті - тарихи қалау
  •  
    Мешітке кіру

Әдебиет

  • Айтбай мешіті // Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы. 3 томдық. – Алматы, 2011. – Т. 2. – 728 б. – Б. 652–653.
  • Байтенов Е., Әбдібаев Ш. Айтбай мешіті // Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. – Б. 53–54.
  • Боздақова Ш. Айтбай мешіті // «Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 544 б. – Б. 76.
  • ХІХ ғ. ортасы – ХХ ғ. басындағы халық ағарту ісі мен Сыр өңірінің рухани өмірі // Қызылорда / Б. Кәрібозұлы, М. Аңсатова, У. Ибраев. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2015. – 304 б. – Б. 126–133.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Дашоғыз уәлаяты

  • Наурыз 29, 2026

    Пневмония

  • Сәуір 05, 2026

    Ақкөл ауданы

  • Сәуір 08, 2026

    Модаль сөздер

  • Сәуір 02, 2026

    Шағатай қағанаты

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары