| Иван Васильевич Панфилов | |
| Генерал-майор Иван Панфилов кеңес маркасында, 1963 жыл | |
| Туған күні | 1 қаңтар 1893 |
|---|---|
| Туған жері | Петровск, Саратов губерниясы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 19 қараша 1941 (48 жас) |
| Қайтыс болған жері | Гусенево, Волоколам ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО |
| Мемлекет |
|
| Әскер түрі | |
| Қызмет еткен жылдары |
|
| Атағы | Фельдфебель |
| Әскери бөлімі | 16-шы әскер |
| Шайқасы | Бірінші дүниежүзілік соғыс |
Иван Васильевич Панфилов Ортаққорда | |
Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.
- 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
- 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
- 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
- 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
- 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.
Галереясы
- Алматыдағы Панфиловтың Ескерткіші
Естеліктер

- Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген.
- Гусенево ауылында қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды (Мәскеу облысы Волоколам ауданы Чисменский ауылдық елді мекені).
- Алматыдағы 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақта ескерткіш орнатылды.

- Бішкектегі ескерткіш 1941 жылы генерал Панфиловтың ескерткішіне конкурс нәтижесінде тұрғызылған (авторлары Аполлон Мануйлов, Александр Могилевский, Ольга Мануйлова, И. Фрех-Хар және М. Епштейн). Бұл Ұлы Отан соғысы батырының құрметіне қойылған КСРО-дағы ең алғашқы ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы 1942 жылдың қарашасында болды.
- 2015 жылы 9 мамырда Астанада генерал Панфилов пен 28 батыр-панфиловшыға ескерткіш ашылды.
- Қырғызстанда 1942 жылы Шу облысының Панфилов ауданы құрылды.

- Волоколамск қаласында Панфилов көшесінде – № 4 үйде мемориалдық тақта; Волоколамск қаласындағы Октябрь алаңында – қола бюст.
- Оның атымен Алматы облысындағы Жаркент қаласы (1942-1991 ж. - Панфилов) және Қазақстандағы үлкен ауыл аталды, Қырғызстандағы ауыл.
- Тараз қаласындағы мектеп оның есімімен аталады.
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектеп оның есімімен аталады.
- Алматы қаласындағы №54 мектеп оның есімімен аталады.
- Самара қаласындағы №116 мектеп оның есімімен аталады.
- Саратов облысы Петровск қаласының №3 мектебіне оның есімі – өзі оқыған мектеп берілді, сонымен қатар мектепте И.В.Панфиловтың мұражайы бар.
- Саратов қаласындағы №64 мектеп онык есімімен аталады.
- Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданындағы И.В.Панфилов атындағы ауыл.
- Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфилов атымен аталады.
Тағы қараңыз
- Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 12 апреля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 24 апреля (№ 13 (172)). — С. 1.
- Қазақ Энциклопедиясы
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1 қаңтарда туғандар
- 1893 жылы туғандар
- 19 қарашада қайтыс болғандар
- 1941 жылы қайтыс болғандар
- Кеңес Одағының батырлары
- КСРО генерал-майорлары