| КТК | |
| «Коммерческий телевизионный канал» АҚ | |
| |
| Ел |
|
|---|---|
| Хабар тарату аумағы |
|
| Хабар тарату уақыты | 07:00-03:00 |
| Хабар тарату тілдері | |
| Басқару орталығы | Алматы, Желтоқсан көшесі, 185 |
| Бейне форматы | 16:9 (2014 жылдан бері) |
| Арнаның тақырыптамалары | ақпараттық, ойын-сауық |
| Хабар таратуын бастады | 2 қараша 1990 жыл (сынақтық хабар тарату) |
| Аудитория үлесі | 12,59% (2-орын, мамыр 2024, K Research Central Asia) |
| Негізін салушы | Изя Фидель |
| Иесі | Борис Гиллер |
| Бас директоры | Бек Кенжебай (2026 жылдан бастап) |
| Сайт | |
«КТК» — қазақстандық телеарна. Штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Қазақстандағы алғашқы жекеменшік телеарна «Коммерциялық телевизиялық арна» 1990 жылдың 2 қарашасында тіркеліп, 1991 жылы 20 ақпанда Алматы қаласында хабар тарата бастады. Негізін салушы — Изя Фидель.
Тарихы
Қазақстанда 1990 жылдың 2 қарашасында алғашқы жекеменшік телеарна – Коммерциялық телевизиялық арна тіркелді. Оның негізін салған - Изя Эйнехович Фидель.
1991 жылы 20 ақпанда Алматы қаласында «КТК» телеарнасы таратылымын бастады. Тура сағат 18:00-де эфирге шыққан жаңа телеарна кодтық болатын. Бастапқыда бағдарламалар тек шетел фильмдері, диснейлік мультфильмдер мен көңіл көтеретін шетелдік бағдарламалардан тұратын.
1992 жылы КТК кодтық сигналды тоқтатып, күні бойы көрсететін толық таратылымға ауысты.
1996 жылы КТК таратылымы арнасын кеңейтті. Телеарна жаңа айналымға шықты. Енді КТК-ны астанадан бөлек республиканың басқа қалаларында да тамашалай бастады. КТК және Караван газеті холдинг болып біріктірілді.
2004 жылы КТК телеарнасы өз телехикаяларын шығаруды қолға алды. «Господа офицеры» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Бұл – қазақстандықтар, ресейліктер және америкалықтардың бірлескен жобасы.
КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.
2002 жылы тамыз айында публицистикалық «Ел-жұрт» бағдарламасы шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.
«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.
2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.
Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.
КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. «Күндерек» ақпараттық бағдарламасы 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды. 2017 жылы қыркүйек айында "Аптап" деген атпен ақпараттық-сараптамалық қорытынды бағдарлама жарық көрді. Жүргізушісі - Серік Жанболат. 2017 жылы күзде эфирге "Дау-дамайсыз" - әлеуметтік-публицистикалық жоба шықты. Жүргізушілері: Гүлмира Әбіқай, Жәзира Бегалы.
Басшыларының тізімі
| № | Аты-жөні | Басқарған жылдар | Лауазымы | |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Изя Фидель | 1990 | 199? | «КТК» телеарнасының бас директоры |
| 2 | Игорь Мельцер | 1996 | 1997 | «КТК» телеарнасының бас директоры |
| 3 | Александр Шухов | 199? | 199? | «КТК» телеарнасының бас директоры |
| 4 | Сергей Клещенков | 2000 | 2006 | «КТК» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы |
| 5 | Артур Платонов | 2006 | 2007 | «КТК» акционерлік қоғамының президенті |
| 6 | Арман Шораев | 2007 | 2014 | «КТК» акционерлік қоғамының бас директоры |
| 7 | Қанат Сахариянов | 2014 | 2016 | «КТК» акционерлік қоғамының бас директоры |
| 8 | Эльмира Джамилова | 2016 | 2026 | «КТК» акционерлік қоғамының бас директоры |
| 9 | Бек Кенжебай | 2026 | — | «КТК» акционерлік қоғамының бас директоры |
Жүргізушілері
- Мадина Балғабаева (Жаңалықтар)
- Әйгерім Асқарқызы (Жаңалықтар)
- Ерланби Даулетияр (Жаңалықтар)
- Светлана Булатова (Новости)
- Камила Жусупова (Новости)
- Гүлмира Әбіқай (Дау-дамайсыз)
- Асқарбек Қазанғап (Дау-дамайсыз)
- Жазира Бегалы (Дау-дамайсыз)
- Аруна Ортай (Дау-дамайсыз)
- Бердімұрат Хасенұлы (Астарлы ақиқат)
- Қайрат Әділгерей (Кел, шырқайық!)
Бағдарламалары
- Кешкі жаңалықтар. 1998 жылы "Күндерек" атауымен эфирге шықты. 2009 жылдың басынан "Жаңалықтар" деп аталды.
- Вечерние новости. 1991 жылы "Телевизионные Неофициальные Новости" (ТНН) атауымен жарық көрді. 1993 жылы ТНН жаңалықтарының орнына "Вечерние новости" келді.
- Дау-дамайсыз
- Астарлы ақиқат
- Было дело
- Кел, шырқайық!
Телехикаялары
- Менің сүйікті донорым
- Аңсаған сәби
- Бақыт жолында
- Зәкира
- Пленники
- Тоғжан
- Өмір-сынақ
- Красный уровень
- Упёртый
- Аферисты
- Шанхай
- Акоча
- Доктор Лейла
- Ұрлаудан басқа амал жоқ
- Жақыным алыс
- Інжу
- Қиын шақ
- Жат туыстар
- Әйел қырық шырақты
- Несломленный
- Құдалар
Логотиптері
1993-1999 жылдардағы логотипі
1999-2001 жылдардағы логотипі
2001-2007 жылдардағы логотипі
2007-2008 жылдардағы логотипі
2008-2010 жылдардағы логотипі
2010-2013 жылдардағы логотипі
2013 жылғы 21 қарашадан 2017 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі логотипі
2017 жылғы 18 қыркүйектен 2018 жылғы 2 қыркүйекке дейінгі логотипі
Қазіргі логотипі (2018 жылғы 3 қыркүйектен бері)
- Алфавит бойынша телеарналар
- Қазақстан телеарналары
- Қазақ тілді телеарналар
- Бұқаралық ақпарат құралдары