Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз

Наурыз көже

  • Басты бет
  • Наурыз көже

Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.

Наурыз көже

Мазмұны

Қазақ дәстүрі

Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Құрамы

Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалады. Әдетте құрамында су, сүр ет, тары, бидай, күріш, май, айран, тұз сияқты өнімдер болады. Кейбір аймақтарда бұршақ немесе сәбіз де қосылады.

Наурыз көже жасау

 
Наурыз көже инфографигі

Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!

Мәдени маңызы

Наурыз көже — жаңа жыл мен көктемнің символы. Оны ішу арқылы адамдар өткен жылдағы ренішті ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейді. Наурыз көже дастарқанда міндетті түрде болуы керек ұлттық тағам ретінде саналады.

Аймақтық ерекшеліктері

Қазақстанның әр өңірінде наурыз көже әртүрлі дайындалады. Мысалы, кей аймақтарда оған қайнатылған сүт немесе айран қосылады, ал кей жерде көжені қою етіп жасайды. Сондай-ақ, әр отбасы өз қалауы бойынша құрамы мен дәмін өзгерте алады.

Қоғамдағы орны және заманауи маңызы

Бүгінде Наурыз көже тек мерекелік тағам ғана емес, ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде танымал. Қазақстанда бұл тағамды насихаттау және ұлттық дәстүрлерді сақтау мақсатында әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, қазіргі замандағы тағам өнері мен гастрономия саласында Наурыз көженің рецептілері жаңартылып, әртүрлі вариациялар жасалуда (Қазақ Ұлттық гастрономия орталығы, 2022).

Сілтемелер

  • Бата
  • Наурыз
  • Қазақ хандығы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Наурызбай Қасымұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Арканзас (айрық)

  • Наурыз 11, 2026

    Үндістан

  • Наурыз 12, 2026

    Төле би

  • Сәуір 03, 2026

    Балалар туризмі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары