Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сарыағаш ауданы – Түркістан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылы құрылған. Жерінің аумағы 4,2 мың км². Орталығы – Сарыағаш қаласы.

Сарыағаш ауданы

  • Басты бет
  • Сарыағаш ауданы

Сарыағаш ауданы – Түркістан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылы құрылған. Жерінің аумағы 4,2 мың км². Орталығы – Сарыағаш қаласы.

Қазақстан ауданы
Сарыағаш ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Түркістан облысы

Аудан орталығы

Сарыағаш

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

62

Қала саны

1

Әкімі

Арман Айдарұлы Абдуллаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №37

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°37′12″ с. е. 68°43′12″ ш. б. / 41.62000° с. е. 68.72000° ш. б. / 41.62000; 68.72000 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°37′12″ с. е. 68°43′12″ ш. б. / 41.62000° с. е. 68.72000° ш. б. / 41.62000; 68.72000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939

Жер аумағы

4 181 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

218 998 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (85,70%), тәжіктер (5,00%), өзбектер (2,79%), әзербайжандар (1,67%), түріктер (1,35%), орыстар (1,08%), татарлар (0,75%), ұйғырлар (0,68%), басқа ұлт өкілдері (0,98%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Сарыағаш ауданы

Мазмұны

Тарихы

1928 жылы орталығы Сарыағаш ауылында Келес ауданы құрылған. 1939 жылы 16 қазанда аталған аудан Келес, Сарыағаш аудандары болып екіге бөлінді. 1963 жылы 2 қаңтарда Сарыағаш ауданына таратылған Келес ауданының аумағы беріледі. 1969 жылы 13 қаңтарда Келес ауданы екінші рет құрылып, 1988 жылы Сарыағаш ауданы құрамына қайтадан өтеді. 1989 жылы 13 қазанда Келес ауданы үшінші рет бөлініп шығып, 1997 жылы 24 сәуірде тағы таратылады. 2018 жылы 5 маусымда Келес ауданы төртінші рет қайта бөлініп шықты.

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Арыс қаласымен, шығысында Қазығұрт, батысында Шардара, оңтүстігінде Келес аудандарымен және оңтүстік-шығысында Өзбекстанмен шектеседі.

Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –2 – 3°С, шілдеде 24 – 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 58841 ▲80107 ▲96586 ▲190366 ▲212848 ▼162031 ▲211851

Тұрғыны 186 109 адам (2019). Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар (85,09%), одан басқа өзбектер (2,98%), тәжіктер (5,00%), әзербайжандар (1,70%), орыстар (1,24%), түріктер (1,41%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері (2003): Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қабыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті (2,6).

Әкімшілік бөлінісі

63 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 6778 ▲7594 112 3471 ▲3868 111,4 3307 ▲3726 112,7
Әлімтау ауылдық округі 1705 ▼1438 84,3 888 ▼747 84,1 817 ▼691 84,6
Дарбаза ауылдық округі 6491 ▲7278 112,1 3232 ▲3695 114,3 3259 ▲3583 109,9
Дербісек ауылдық округі 12168 ▲14670 120,6 6164 ▲7501 121,7 6004 ▲7169 119,4
Жартытөбе ауылдық округі 15656 ▲19557 124,9 7868 ▲9945 126,4 7788 ▲9612 123,4
Жемісті ауылдық округі 3273 ▲4444 135,8 1643 ▲2216 134,9 1630 ▲2228 136,7
Жылға ауылдық округі 8633 ▲8634 100 4406 ▲4494 102 4227 ▼4140 97,9
Жібек жолы ауылдық округі 16167 ▲18298 113,2 8035 ▲9250 115,1 8132 ▲9048 111,3
Көктерек ауылдық округі 5492 ▲6964 126,8 2670 ▲3435 128,6 2822 ▲3529 125
Қабланбек ауылдық округі 15148 ▲18493 122,1 7461 ▲9208 123,4 7687 ▲9285 120,8
Құркелес ауылдық округі 19186 ▲30989 161,5 9684 ▲15568 160,7 9502 ▲15421 162,2
Қызылжар ауылдық округі 6229 ▲7627 122,4 3158 ▲3881 122,9 3071 ▲3746 122
Сарыағаш қалалық әкімдігі 40280 ▲59606 148 19732 ▲29591 150 20548 ▲30015 146,1
Тегісшіл ауылдық округі 4825 ▲6259 129,7 2456 ▲3117 126,9 2369 ▲3142 132,6
ЖАЛПЫ САНЫ 162031 ▲211851 130,7 80868 ▲106516 131,7 81163 ▲105335 129,8

Шаруашылығы

Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ – Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС – Қазақстан – Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт – Барс – 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК – мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек – Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап заттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3%-на мақта, 31,1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің – 9,5%, жүгерінің – 26,5%, күнбағыстың – 36,5%, картоптың – 30,5%, көкөністің – 26,4%, жемістің – 24,5%, жүзімнің 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылықтарында облыстағы мүйізді ірі қара малдың – 10,4%, оның ішінде сиырдың – 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның – 3,7%, жылқының – 8,4% шоғырланған; түйе – 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында «Келес» ӨК-нің су электр ст. электр энергиясын өндіреді. Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдш.-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент – Термез Халықараралық автомобил магистралі, Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді.

Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды.

Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда.

«Сарыағаш шипажайы»

Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар. «Сарығаш шипажайы» - бальнеологиялық шипажай, Ташкент қаласынан 15 шақырымдай қащықтықта орналасқан. 1953 – 1956 жылдар аралығында емдеу орнына айналды. «Сарыағаш шипажайы» табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылатынтықтан, шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанып қалғандар келіп емделеді. Бұл шипажай Қазақстан Республикасы және басқада тыс жерлерге белгілі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Шаңкөз тауы

  • Сәуір 03, 2026

    Француз тілі

  • Сәуір 12, 2026

    Шалқар (қала)

  • Сәуір 04, 2026

    Қобыланды батыр

  • Сәуір 09, 2026

    Қарқаралы таулары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары