Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Киран Тирни (ағылш. Kieran Tierney; 5 маусым 1997, Дуглас (Мэн аралы), Шотландия) — шотландиялық футболшы, «Селтик» клубы мен Шотландия ұлттық құрамасының қорға

Киран Тирни

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Киран Тирни Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

5 маусым 1997 (1997-06-05)(29 жас)

Азаматтығы

Шотландия Шотландия

Бойы

178

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Шотландия Селтик

Клуб карьерасы
2015—2019 Шотландия Селтик 102 (5)
2019—2025 Англия Арсенал 104 (4)
2023—2024 → Испания Реал Сосьедад 20 (0)
2025— Шотландия Селтик 14 (3)
Ұлттық құрамы
2016—  Шотландия 53 (2)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Киран Тирни (ағылш. Kieran Tierney; 5 маусым 1997, Дуглас (Мэн аралы), Шотландия) — шотландиялық футболшы, «Селтик» клубы мен Шотландия ұлттық құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

Тирни «Селтиктің» түлегі, 2015 жылдың сәуірінде негізгі құрамда тұңғыш рет алаңға шықты. Клуб сапында 170 ойын өткізгеннен кейін, ол 2019 жылдың тамызында "Арсеналға" ауысты, трансфер құны 25 миллион фунт стерлинг. «Арсеналда» алты жыл ойнағаннан кейін 2025 жылдың маусымында «Селтикке» оралды.

Халықаралық

Тирни 2016 жылдың наурызында Шотландия құрамасында тұңғыш рет алаңға шықты және содан бері негізгі құрамда 50-ден астам ойын өткізді.

Жетістіктері

«Селтик»

  • Шотландия чемпионы (4): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
  • Шотландия Кубогы (3): 2016/17, 2017/18, 2018/19
  • Лига Кубогы (2): 2017/18, 2018/19

«Арсенал» (Лондон)

  • Англия Кубогы: 2019/20
  • Англия Суперкубогы (2): 2020, 2023
Жоғары