Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкір

Күкірт оксидтері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл H23 және күкірт қышқылы H24 түзіледі, олай болса, бұлар қышқылдық оксидтер екен.

(күкіртті қышқылы)
(күкірт қышқылы)

Алынуы

Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады.
Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:

Химиялық қасиеттері

1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:

Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш; себебі күкірттің тотығу дәрежесі аралық мәнде (+4) болады.

Қолданылуы

SO2 ағартқыш ретінде және зиянды микроағзалардан көкөніс қоймаларын тазартады.

Жоғары