Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Күршім – Бұқтырма алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында орналасқан Ертістің оң саласы.

Күршім (өзен)

  • Басты бет
  • Күршім (өзен)

Күршім – Бұқтырма алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында орналасқан Ертістің оң саласы.

Күршім
Сипаттамасы
Ұзындығы 213 км
Су алабының
ауданы
6140 км²
Су алабы Бұқтырма бөгені → Ертіс → Обь → Солтүстік Мұзды мұхит
Су шығыны 60,8 (Топтерек ауылы) м³/с
Су ағысы
Бастауы Сарымсақты және Күршім жоталарынан басталады
 • Координаттары 48°59′33″ с. е. 85°47′14″ ш. б. / 48.99250° с. е. 85.78722° ш. б. / 48.99250; 85.78722 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Бұқтырма бөгеніне құяды
 • Орналасқан жері Мальково е.м. солтүстік-батысқа қарай 3 км
 • Координаттары 48°37′03″ с. е. 83°31′28″ ш. б. / 48.61750° с. е. 83.52444° ш. б. / 48.61750; 83.52444 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°37′03″ с. е. 83°31′28″ ш. б. / 48.61750° с. е. 83.52444° ш. б. / 48.61750; 83.52444 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ертіс су алабы
Ертіс су алабы

Мазмұны

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы жерімен ағады. Ұзындығы 213 км, су жинау алқабы 6140 км2.

Бастауы

Сарымсақты және Күршім жоталарынан басталып, Күршім ауылынының батысында 10 км жерде Бұқтырма бөгеніне құяды.

Гидрологиясы

Жоғары ағысында аңғары тар, шатқалды, ені 30-50, кей жерлерде 80 м, ағысы қатты, суы мол. Суының 65%-і еріген қар, мұз, 35%-і жерасты суы үлесіне келеді. Жылдық орташа су шығыны Топтерек ауылы тұсында секундына 60,8 м3. Өзеннің энергетикалық қоры мол.

Атауы

Күршім өзенінің, сол атаумен аталатын ауыл мен ауданның атауы сөздіктерде кездеспейді, оның нақты аудармасы жоқ. Бұл атаудың шығу тегін түсіндіруге тырысатын бірнеше халық аңызы бар. Алайда олардың ешқайсысы дәлелденген ақиқат емес. Барлығына ортақ бір нәрсе – бұл атаудың жоңғар шапқыншылығы мен қазақ халқының азаттық жолындағы күресімен байланысты болуы. Тарихи жер-су атауларын зерттеуші, өлкетанушы Шәкірбану Жақыпованың айтуынша, бұл атауға қатысты екі түрлі нұсқа бар. Біріншісі бойынша, қазіргі Күршім өзенінің жоғарғы ағысында батыр Құрсонның ордасы орналасқан. Уақыт өте келе, оның есімі өзен атауына айналған. Екінші нұсқа бойынша, дәл осы өзеннің бойында қазақ батыры Барақ пен жоңғар батыры Құрсонның арасындағы шешуші шайқас өткен. Екі мықты жауынгердің қанды айқасы судың ішінде жалғасқан. Ақыры, сол ұрыста Құрсон қаза табады. Қанға боялған өзен оның есімімен аталып кеткен. Осы екі нұсқадағы атау уақыт өте келе өзгеріп, қазіргі «Күршім» атауына айналған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Қатерлі ісік

  • Наурыз 21, 2026

    Митохондрия

  • Сәуір 04, 2026

    Дала уалаяты

  • Сәуір 04, 2026

    Ұйғыр қағанаты

  • Наурыз 29, 2026

    Депортация

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары