Сутек пероксиді немесе Сутегінің асқын тотығы — сутек пен оттектің қосылысы, формуласы - Н2О2. Жаратылыста ауадағы оттек түрлі заттарды тотықтырып оксид түзгенде, соған қосалқы зат ретінде сутек пероксиді түзіліп, артынша айырылып жатады. О-О арасындағы байланыс энергия (210 кДж), екі есеге жуық кем. Сутек пероксиді молекуласындағы оттек атомдары полюссіз байланыс арқылы, ал оттек пен сутек атомдары полюсті байланыспен қосылысқан. Н-О арасындағы байланыс
| Сутек пероксиді | |
| |
| | |
| Жалпы мәліметтері | |
|---|---|
| Химиялық формуласы | H2O2 |
| Физикалық қасиеттері | |
| Күйі | сұйық |
| Мольдік массасы | 34,01 г/моль |
| Тығыздығы | 1.4 г/см³ |
| Жылу қасиеттері | |
| Балқу t | -0,432 °C |
| Қайнау t | 150,2 °C |
| Классификациясы | |
| CAS нөмірі | 7722-84-1 |
| PubChem | және 22326046 784 және 22326046 |
| EINECS нөмірі | 231-765-0 |
| SMILES | OO (3D-моделі) |
| InChI | InChI=1S/H2O2/c1-2/h1-2H MHAJPDPJQMAIIY-UHFFFAOYSA-N |
| RTECS | MX0900000 |
| ChEBI | 16240 |
| ChemSpider | 763 |
| Егер басқаша көрсетілмесе, деректер стандартты жағдайлар (25 °C, 100 кПа) үшін беріледі. | |
тар молекула ішінде симметриясыз орналасқандықтан, сутек пероксиді молекуласы өте полюсті молекула. Н2О2 молекулалары арасында туатын сутектік байланыс берік болып, молекулалар ассоциацияланып жүреді. Сондықтан сутек перексоді қалыпты жағдайда - түссіз, қою сұйықтық (S=1,44) қайнау температурасы да едәуір жоғары (150,2 °С) қатуы -0,43 °С. Н2О2су сияқты сутектік байланыс түзетіндіктен, сумен кез келген мөлшерде араласып ериді, ертіндіден кристаллогидрат Н2О2·2Н2О түрінде (тұрақсыз, T=-52,0 °С) бөлінеді.
Бұл қоспа (сутек пероксиді) арқылы, өнеркәсіпте, су мен таза оттек алынады: 2H2O2 = 2H2O + O2.
Ерекшелік: тек қана пероксидтерде Оттектің тотығу дәрежесі +1 ге тең болады.
