| Кәдімгі арпа | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Кәдімгі арпа | ||||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Hordeum vulgare L. |

Кәдімгі арпа (лат. Hordeum vulgare) – астық тұқымдасының арпа туысына жататын бір жылдық аса бағалы ертеден (осыдан 10 мың жыл бұрын) өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл . Азықтық тағам ретінде және малдың құнарлы жемі ретінде өсіріледі. Арпадан арпа ұнын, арпа жармасын, арпа квасын жасайды. Арпа ұнынан кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кәдімгі арпа дәндерін сыра қайнатуға пайдаланылады.
Ботаникалық сипаттамасы

Кәдімгі арпа - сабағы тік, биіктігі 30-60 см, кейде 90 см-ге дейін, бір жылдық шөптес өсімдік.
Жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін, ені 2—3 см болады.
Гүлдері ұзындығы 10 см-ге дейін масақ гүлшоғырына жиналған; әр масаңы — бір гүлді. Масақтары 4-6 қырлы ендері 1,5 см-ге дейін болады. Масқтар 3 данадан топтасын өседі. Маусым-шілдеде гүлдейді.
Жемісі — дәнше. Тамыз айында жемістенеді.
Әлемдегу ірі өндірушілер
| Ел | 2009 | 2010 | 2011 |
|---|---|---|---|
| 12,3 | 10,4 | 8,7 | |
| 12,9 | 10,1 | 8,8 | |
| 11,8 | 8,5 | 9,1 | |
| 17,9 | 8,4 | 16,9 | |
| 7,4 | 8,2 | 8,3 | |
| 9,5 | 7,6 | 7,8 | |
| 7,9 | 7,3 | 8,0 | |
| 7,3 | 7,2 | 7,6 | |
| 6,8 | 5,3 | 5,5 | |
| 5,0 | 3,9 | 3,4 | |
| Әлемдегі өндіріс | 151,8 | 123,7 | 134,3 |
| Дереккөз: БҰҰ азық және ауыл-шаруашылық ұйымы | |||
Түршелері
- Hordeum vulgare subsp. spontaneum — Жабайы арпа
- [syn. Hordeum ithaburense Boiss.]
- [syn. Hordeum spontaneum K.Koch]Үлгі:Basionym
- Hordeum vulgare subsp. vulgare — Екіқатар арпа
- [syn. Hordeum distichon L. = Hordeum vulgare subsp. distichon]
- [syn. Hordeum hexastichon L. = Hordeum vulgare subsp. hexastichon] — Алтықатар арпа
- Астық тұқымдасы
- Дәнді дақылдар