| Көкшетау тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Пайда болған кезеңі | |
| Ең биік шыңы | Көкше |
| Биіктігі | 947 м |
| Орналасуы | |
| 53°00′42″ с. е. 70°21′56″ ш. б. / 53.01167° с. е. 70.36556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°00′42″ с. е. 70°21′56″ ш. б. / 53.01167° с. е. 70.36556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |

Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау.
Жер бедері
Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке-Батыр, оңтүстігінде Айыртөбе (Седловатка), Шортан шоқылары бар. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Өсімдігі
Тау беткейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.
Емделу, демалыс орындары
Көкшетауда Бурабай, Оқжетпес, Щучинск, т.б. санаторийлер, көптеген демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.
- Алфавит бойынша тау жүйелері
- Бурабай ауданы таулары
