Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

53°00′00″ с. е. 69°00′00″ ш. б. / 53.00000° с. е. 69.00000° ш. б. / 53.00000; 69.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°00′00″ с. е. 69°00′00″ ш. б. / 53.00000° с. е

Көкшетау қыраты

  • Басты бет
  • Көкшетау қыраты

Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе.

Көкшетау қыраты

Бурабай тау массиві
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Архей, протерозой, палеозой

Ұзындығы

400-450 км

Ені

200-250 км

Ең биік шыңы

Көкше

Биіктігі

947 м

Орналасуы

53°00′00″ с. е. 69°00′00″ ш. б. / 53.00000° с. е. 69.00000° ш. б. / 53.00000; 69.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°00′00″ с. е. 69°00′00″ ш. б. / 53.00000° с. е. 69.00000° ш. б. / 53.00000; 69.00000 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы

Көкшетау қыраты (Ақмола облысы)
Көкшетау қыраты
Көкшетау қыраты (Солтүстік Қазақстан облысы)
Көкшетау қыраты

Мазмұны

Географиялық орны

Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің аңғарымен, батысында Торғай Үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400 – 450 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 – 250 км-ге созылған. Орташа биіктігі 350 – 400 м, ең биік жері – Көкше тауы (947 м).

Жер бедері

Қырат көптеген жеке аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы (947 м), Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (621 м), Сандықтау (626 м), Жыланды (609 м), Жақсытүкті (593 м), Байөтер (551 м), Айыртау (555 м), Елікті (502 м), Домбыралы (471 м), т.б.

Геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары

Қырат архей мен протерозойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар, т.б.) түзілген. Шығыс жағы төмен палеозойдың эффузивтік шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар.

Климаты

Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурарасы –18°С, шілденікі 19°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм.

Су торабы

Қыраттан Есілдің көптеген оң салалары: Қалқұтан, Боқсық, Аршалы, Жабай, Қызылсу, Аққанбұрлық, Иманбұрлық, солтүстікке қарай Қамысақты, Шағалалы, шығысқа қарай Сілеті өзендері бастау алады. Көкшетау қыратының тауаралық ойыстары көлге бай. Тұщы көлдер: Имантау, Жақсы Жалғызтау, Зеренді, Айдабол, Бурабай, Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Қатаркөл, Итемген, Шошқалы, т.б. Ащы көлдер: Қалмақкөл, Мамай, Салқынкөл, т.б.

Өсімдігі

Көбінесе аласатаулы-орманды және аласатаулы қаратопырақты болып келеді. Қарағай, қайың, терек, тал, т.б. бұталар аралас орман, дала белдеміне тән әр түрлі шөп өседі. Өзен жайылмаларын, көл жағаларын шалғындық өсімдік жапқан. Көкшетау қыратында ұлттық-табиғи саябақ ұйымдастырылған. Одан басқа қорықшалар, аң аулау шаруашылығы жұмыс істейді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қызылорда облысы

  • Сәуір 05, 2026

    Өскемен уезі

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақ ұлттық университеті

  • Наурыз 21, 2026

    Литосфера

  • Сәуір 02, 2026

    Құралайдың салқыны

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары