Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Көтібар Бәсенұлы (немесе Бәсендеұлы) (1757[дереккөзі?] – 1823 (1833), Жайық) — Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан халық батыры. Бәсен батырдың бес баласының бі

Көтібар Бәсенұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көтібар Бәсенұлы
Бәсендеұлы Көтібар
Туған кездегі есімі

Көтібар Бәсенұлы

Туған күні

белгісіз

Қайтыс болған күні

1823 (1833)

Қайтыс болған жері

Жайық маныңда

Ұлты

Қазақ

Осы үшін белгілі

Батыр, әйгілі Есет батыр әкесі

Балалары

7, соның ішінде Есет

 Басқа мағыналар үшін Көтібар (айрық) деген бетті қараңыз.

Көтібар Бәсенұлы (немесе Бәсендеұлы) (1757[дереккөзі?] – 1823 (1833), Жайық) — Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан халық батыры. Бәсен батырдың бес баласының біреуі.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсендеұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М. Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1823 жылы (немесе 1833) Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.

Тағы қараңыз

  • Көтібар Бәсенұлы кесенесі
Жоғары