| Көшпенділер | |
| Жанры | |
|---|---|
| Режиссёрі | Иван Пассер |
| Продюсері | Милош Форман |
| Сценарийдің авторы | Рүстем Ибраһимбеков |
| Басты рөлдерде | Джей Эрнандес |
| Операторы | Юли Штайгер |
| Сазгері | Карло Силиотто |
| Кинокомпания | «Қазақфильм» |
| Дистрибьютор | The Weinstein Company |
| Ұзақтығы | 112 мин. |
| Бюджеті | 34 млн. $ |
| Мемлекет |
|
| Шыққан жылы | 2005 |
| IMDb | |
Көшпенділер — 2005 жылғы қазақ-француз бірлесіп түсірген фильм. Фильмнің желісі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген.
Жарнама ұраны: Әрбір жауынгердің, әрбір халықтың, әрбір махаббаттың өз Отаны болуы керек.
Фильмнің бюджеті 34 миллион АҚШ долларын құрады. Түсірілім барысында шамамен 13 мыңға жуық макет қару-жарақ, 150 қазақ және жоңғар киіз үйі, 20-дан астам негізгі кейіпкер, 300 эпизодтық рөл және 2000-ға жуық массовка актерлері пайдаланылды.
Фильмнің тұсаукесері 2005 жылдың 6 шілдесінде Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.
Желісі
XVIII ғасыр. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысын жүргізуде. Абылай хан атанған — Мансұр талай сынақтан өткен жас жігіт. Ол нағыз халық қолбасшысының қиын жолынан өтуі керек. Ажалмен бетпе-бет келгеніне қарамастан, ол дана, абыройлы адам болып қала береді. Оның басты мақсаты – қазақ халқын осындай қиын-қыстау кезеңде біріктіру, өйткені ортақ күш-жігермен ғана жауды өз жерінен қуып шыға алады. Сонымен қатар, осындай қиын кезеңде Мансұрдың жауынгер қыз Гауһарға деген сезімі бар, бұл да оған ауыр сынаққа айналады...
Рөлдерде
| Актёр | Рөлі |
|---|---|
| Джей Эрнандес | Ералы |
| Аянат Есмағамбетова | Гауһар |
| Куно Бекер | Әбілмансұр |
| Марк Дакаскос | Шарыш |
| Арчи Као | Шаңгрек |
| Джейсон Скотт Ли | Ораз |
| Ділназ Ахмадиева | Хоша |
| Тұңғышбай Жаманқұлов | Әбілқайыр |
| Досқан Жолжақсынов | Қалдан Серен |
| Ерік Жолжақсынов | Барақ |
Фильм 2004 жылы аяқталды, бірақ көріністі көрген продюсерлер оған қосымша қаражат салуды ұйғарып, жасаушылардан шайқас сахналарын аяқтауды және романтикалық желіні кеңейтуді талап етті. Сұраныстары құпталмаған соң режиссер Иван Пассер мен оператор Юли Штайгер жобадан шығып, олардың орнына Сергей Бодров пен Дэн Лаустсен келді.
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2005 жылғы фильмдер
- Қазақ тіліндегі фильмдер
- Қазақстан драма фильмдері
- Қазақфильм фильмдері
- АҚШ драма-фильмдері
- АҚШ тарихи фильмдері
- Қазақстан тарихи фильмдері
- 2005 жылғы Қазақстан фильмдері
- Орыс тіліндегі фильмдер