Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Луи Пастер (фр. Louis Pasteur; 27 желтоқсан 1822 жыл, Доль (Юра) – 28 қыркүйек 1895 жыл, Вильнев л’Этан, Париж маңында) — француз микробиологы және химигі, микр

Луи Пастер

  • Басты бет
  • Луи Пастер

Луи Пастер (фр. Louis Pasteur; 27 желтоқсан 1822 жыл, Доль (Юра) – 28 қыркүйек 1895 жыл, Вильнев л’Этан, Париж маңында) — француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. 1862 жылдан Париж ғылым академиясының мүшесі, 1873 жылдан Франция медициналық академиясының, 1881 жылдан Франция академиясының мүшесі.

Луи Пастер
фр. Louis Pasteur

1878 жылғы суреті
Туған күні

27 желтоқсан 1822 (1822-12-27)

Туған жері

Доль (Юра), Франция

Қайтыс болған күні

28 қыркүйек 1895 (1895-09-28) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Вильнёв л'Этан (Гарш), Франция

Азаматтығы

 Франция

Ғылыми аясы

Химия, Биология, Микробиология, Математика, Физика

Жұмыс орны

Страсбург университеті (1849—1853)
Лилль университеті - Солтүстік Франция (1854—1857)
Жоғары қалыпты мектеп (Париж) (1857—1887)
Пастер институты (1888—1895)

Ғылыми дәрежесі

Жаратылыстану ғылымдарының докторы (1847)
Медицина докторы (1868)

Альма-матер

Жоғары қалыпты мектеп
Париж университеті

Ғылыми жетекші

Антуан Жером Балар

Атақты шәкірттері

Шарль Фридель, Шарль Шамберлан, Эмиль Ру, Николай Гамалея

Несімен белгілі

Пастеризация технологиясын жасаушы

Марапаттары


Рамфорд медалі (1856)
Копли медалі (1874)
Альберт медалі (патшалық өнер қоғамы) (1882)
Левенгук медалі (1895)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Луи Пастер Ортаққорда

1844 жылдан Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі болса, 1893 жылы құрметті мүшесі болды. 1849 жылы Страсбург 1854 жылы Лилл университеттерінде профессор болған. 1888 жылы микробиолгия ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры болып тағайындалды. Осы институтта сол кезде И.И Мечников, С.Н.Виноградский, Н.Ф.Гамалея, В.М.Хавкин, А.М.Безредка т.б. жұмыс істеген. Пастердің молекулалардың оптикалық ассиметриясы туралы алғашқы жұмыстарынан кейін стериохимия негізі болған. Шарап қышқылы кристалдарының оптикалық активтігіндегі айырмашылықтар онда екі ассиметриялық формалардың барына байланысты екенін дәлелдеді.

Микроорганизм солардың бірін өзіне сіңіретіндіктен, оптикалық изомерлерді ажыратуға болатынын анықтады. 1857 жылы ашу процессін ( сүт қышқылды, спиртті,сіркелі, өзі ашқан май қышқылды ) зерттеді. Өндірісте шарап және азық-түлікті ( сыра, сүт, жеміс-жидек, шырын ) бұзбай сақтау әдістерінің бір түрі пастерилизация ойлап тапты. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын ерекше микроорганизидер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін вакцина жасауды ұсынды.

Луи Пастер медициналық микробиология мен иммунологияның негізін қалаушылардың бірі. Ол молекулалық асимметрия құбылысын зерттеудің пионері болды, сондай-ақ микроорганизмдердің ашу процесі мен жұқпалы аурулардың пайда болуындағы рөлін дәлелдеді. Пастер пастерлеу үдерісін жасап, тамақ өнеркәсібінің (сыра, шарап, сүт өнімдері) дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар сібір күйдіргісі мен құтыруға қарсы вакциналарды әзірледі.

Мазмұны

Өмірбаяны

Луи Пастер Францияның Доль қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Жан-Жозеф Пастер тері илеуші болып жұмыс істеген және Наполеон соғыстары кезінде «Құрметті легион» орденімен марапатталған аға сержант болған. Бұл жағдай жас Пастердің бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ықпал етті деп есептеледі. Жас кезінде Пастер сурет салуға бейім болғанымен, кейін ғылымға бет бұрды. Ол Арбуа және Безансон қалаларында білім алды. 1840 жылы өнер бакалавры, 1842 жылы жаратылыстану ғылымдары бакалавры дәрежесін иеленді. 1843 жылы Париждегі Жоғары қалыпты мектепке түсіп, Жан-Батист Андре Дюма дәрістеріне қатысты. 1845 жылы магистр дәрежесін, 1847 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Кейін Дижон лицейінде және Страсбург университетінде профессор қызметін атқарды. 1849 жылы Мари Лоранға үйленіп, бес баланың әкесі атанды.

Ғылыми қызметі

Пастер бастапқыда химия саласында жұмыс істеп, кристаллография мен молекулалық асимметрияны зерттеді. Ол заттардың айналық изомериясын (энантиомерия) ашып, органикалық химияның дамуына маңызды үлес қосты. Кейін ол микробиологияға бет бұрып, ашу (ферментация) процесін зерттеді. Пастер ферментацияның микроорганизмдер арқылы жүретінін дәлелдеді және оның биологиялық табиғатын түсіндірді.

Пастерлеу

Пастер тағам өнімдерін ұзақ сақтау үшін микроорганизмдерді жою әдісін ұсынды. Бұл әдіс кейіннен «пастерлеу» деп аталып, қазіргі уақытта сүт және басқа да тағам өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Иммунология және вакциналар

1870-жылдары Пастер жұқпалы аурулардың микробтық табиғатын дәлелдеп, вакцинация теориясының дамуына үлес қосты. 1879 жылы тауық тырысқағын зерттеу барысында әлсіретілген микроорганизмдер иммунитет қалыптастыра алатынын анықтады. Кейін ол сібір күйдіргісі мен құтыру ауруына қарсы вакциналар әзірледі. 1885 жылы құтырған ит тістеген Йозеф Мейстерге жасалған вакцина алғашқы сәтті клиникалық қолдану болып саналады.

Ферментация зерттеулері

Ферментация — бұл глюкоза сияқты органикалық заттардың оттегісіз ыдырау процесі. Пастер бұл процестің ашытқылар мен микроорганизмдердің тіршілік әрекетімен байланысты екенін дәлелдеді. Оның зерттеулері ферментацияның биологиялық табиғатын түсінуге және тағам өндірісін ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік берді.

Негізгі жетістіктері

  • Пастерлеу әдісін енгізді
  • Жұқпалы аурулардың микроорганизмдерден туындайтынын дәлелдеді
  • Вакцинологияның негізін қалады
  • Иммунология ғылымының дамуына үлес қосты
  • Ферментацияның биологиялық табиғатын ашты

Мұрасы

Пастердің ғылыми мұрасы қазіргі микробиология мен медицинада маңызды орын алады. Париждегі Пастер институты оның құрметіне аталған және бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеулер жүргізуде.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Семит тілдері

  • Сәуір 03, 2026

    Химиялық қосылыстар

  • Наурыз 21, 2026

    Алюминий

  • Сәуір 04, 2026

    Ұрым империясы

  • Наурыз 13, 2026

    Әбілхан Қастеев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары