Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Магниттік таспа, магниттік лента — магниттік қасиеті бар ұнтақ жалатылған жұқа әрі иілгіш таспа түріндегі дыбыс (не сигнал) тасығыш. Таспаның негізі пластмассад

Магниттік таспа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Магниттік таспа, магниттік лента — магниттік қасиеті бар ұнтақ жалатылған жұқа әрі иілгіш таспа түріндегі дыбыс (не сигнал) тасығыш. Таспаның негізі пластмассадан (ацетилцеллюлоза немесе триацетаттан) жасалады да, оған темір(Ғе2O2) және хром тотығы негізіндегі лактар жағылады не кобальт-никель, кобальт-фосфор, кобальт-вольфрам, т.б. жүйелі ұнтақтар электр тұндыру, вакуумдық буландыру тәсілдерімен жалатылады. Магниттік таспа әр түрлі сигналдарды магнит тәсілмен жазу мақсатында (дыбысты кинода, кескін сигналы мен дыбыс сигналын жазу, есептеу техникасында ақпарат жазуға) қолданылады. Пайдалану мақсатына қарай Магниттік таспаның ені 3,81-ден 50,8 мм-ге дейін, ал қалыңдығы 9 — 150 мкм шамасына дейін жетеді. Есептеу техникасында пайдаланылатын Магниттік таспа электрондық есептеуіш машинаның еске сақтау құрылғысының құрамына кіреді. Мұнда ақпарат код комбинацияларының импульсі ретінде жазылады. Магниттік таспа (Магнитная лента; Magnetic tape) — тізбектік қатынас кұратын ақпарат тасуыш; ақпарат сақталатын бетіне бір қабат магниттік зат жабылған, деллюлозадан немесе лавсаннан жасалған иілгіш таспа түріндегі ақпарат сакталатын магниттік бұйым. Магниттік таспаға ақпарат жазғанда оның тиісті жерлері әр түрлі магниттеледі; 1 — магниттелген, 0 — магниттелмеген жер сәйкес келеді.

Жоғары