| Ауыл | |
| Әлжан ана | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Қасық |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°06′44″ с. е. 74°38′24″ ш. б. / 43.11222° с. е. 74.64000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°06′44″ с. е. 74°38′24″ ш. б. / 43.11222° с. е. 74.64000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Бұрынғы атаулары | Қасық |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲4720 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +7 726 36 |
| Автомобиль коды | 08 |
Әлжан ана шекарасы | |
Әлжан ана — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Қасық ауылдық округі орталығы. 2017 жылы ауылдың Қасық атауы Әлжан ана болып өзгертілді.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. эфемерлі өсімдіктер өскен сұр, бозғылт сұр топырақты тау алдының төбелі-жонды келген қоңыржай қуаң агроклиматты белдемінде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 2968 | ▲3378 | ▲4720 | 139,7 | 1603 | ▲2307 | 143,9 | 1775 | ▲2413 | 135,9 |
Тарихы
1965-1997 жылдары өндірістік кооператив және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Орта және орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- Қордай ауданы елді мекендері

