Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шао сыйлығы өмір туралы ғылым және медицина саласындағы Шао сыйлығы (2013) Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы – 2017 Физиология немесе медици

Майкл Янг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Майкл Янг
Michael Warren Young
Туған күні

28 наурыз 1949 (1949-03-28)(77 жас)

Туған жері

Майами, Флорида, АҚШ

Ғылыми аясы

хронобиология

Жұмыс орны

Остиндегі Техас университеті
Рокфеллер университеті

Ғылыми дәрежесі

философия докторы

Альма-матер

Остиндегі Техас университеті
L. D. Bell High School

Атақты шәкірттері

Амита Сехгал

Марапаттары


Шао сыйлығы өмір туралы ғылым және медицина саласындағы Шао сыйлығы (2013)
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы – 2017
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2017)

Сайты

https://www.rockefeller.edu/our-scientists/heads-of-laboratories/914-michael-w-young/

Майкл Уоррен Янг (ағылш. Michael Warren Young; 28 наурыз 1949) — америкалық биолог және генетик, циркадалық ырғақты басқаратын молекулалық механизмдерді ашқаны үшін физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2017) (Джеффри Холл және Майкл Росбашпен бірге). Философия ғылымдарының докторы (1975), атаулы профессор (Richard and Jeanne Fisher Professor) және Рокфеллер университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, ол сонымен бірге генетика зертханасын басқарады, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (2007) және америкалдық философиялық Қоғам (2018) мүшесі. Сондай-ақ Америкалық микробиология академиясының мүшесі (2007) және The Physiological Society (ағыл.) құрметті мүшесі.

Ол Остиндегі Техас университетін (биология бакалавры, 1971) бітіріп, 1975 жылы генетика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Ол David Hogness (ағыл.) бірге Стэнфорд медицина мектебінің биохимия кафедрасында постдок болды, содан 1978 жылдан бастап Рокфеллер университетінде. Нью-Йорк Ғылым академиясының Президенттік кеңесіне кіреді.

Ол отыз жылдан астам уақытын генетикалық бақыланатын ұйқы мен өңдегі Drosophila melanogaster әрекеттерді зерттеуге арнады. Рокфеллер университетінде жұмыс істеген уақытында ол және оның зертханасы циркадтық ырғақтарға жауап беретін ішкі сағаттың реттелуімен байланысты негізгі гендерді анықтау арқылы хронобиологияға елеулі үлес қосты. Янг жеміс сіркелерінің ұйқы циклінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет «период» (ағылш. period ) генінің қызметін аша алды. Оның зертханасы сонымен қатар тәуліктік ырғаққа қажетті белоктардың синтезіне жауапты тағы екі геннің, яғни «timeless» (уақытсыз) және «doubletime» (қос уақыт) гендерінің ашылуымен байланысты.

Марапаттары

  • 2006 — Pittendrigh/Aschoff Award, Society for Research on Biological Rhythms (ағыл.)
  • 2009 — Нейрология бойынша Грубер сыйлығы
  • 2011 — Луиза Гросс Хорвиц сыйлығы
  • 2012 — Гайрднер халықаралық сыйлығы
  • 2012 — Мэссри сыйлығы
  • 2013 — Уайли сыйлығы
  • 2013 — Шао сыйлығы
  • 2017 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы

Грубер, Хорвиц, Гайрднер, Мэссри, Шао және Уайли сыйлықтары — Нобель сыйлығы сияқты, Джеффри Холл және Майкл Росбашпен бөлісті .

Жоғары