Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көкшетау ауданы — 1928-1997 жж. болған Петропавл округі, Қазақ АКСР, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының құрамындағы Қазақстанның солтүсті

Көкшетау ауданы

  • Басты бет
  • Көкшетау ауданы

Көкшетау ауданы — 1928-1997 жж. болған Петропавл округі, Қазақ АКСР, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының құрамындағы Қазақстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.

Аудан
Көкшетау ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Петропавл округі, Қазақ АКСР, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облысы

Енеді

14 а/к, 2 кент (1986)

Әкімшілік орталығы

Көкшетау, Красный Яр

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1928 жыл

Таратылған уақыты

2 мамыр 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

29 561 адам (2009)

Мазмұны

Тарихы

Әкімшілік орталығы Көкшетау қаласында болған Көкшетау ауданы КСРО БОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес Қазақ АКСР Қызылжар (Петропавл) округінің құрамында құрылды. 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-індегі округтер жойылып, барлық аудандар, оның ішінде Көкшетау ауданы да тікелей республикалық бағынысқа өтіп, республикалық орталық - Алматыға бағынышты болды.

1932 жылы 10 наурызда Көкшетау ауданы жаңадан құрылған Қарағанды облысының құрамына енді.

1936 жылы 29 шілдеде КСРО БОАК Президиумының Жарлығымен аудан жаңадан құрылған Қазақ АКСР (1936 ж. 5 желтоқсаннан бастап - Қазақ КСР) Солтүстік Қазақстан облысына берілді.

1944 жылдың 15 наурызынан бастап (дәл осы күннен бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен) Қазақ КСР-нің (1991 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы) жаңадан құрылған Көкшетау облысының құрамына кірді.

1945 жылы 27 шілдеде Көкшетау ауданының орталығы Көкшетау қаласынан Красный Яр ауылына көшірілді.

1986 жылы аудан құрамында 14 ауылдық кеңес (Ақкөл, Бұлақ, Конезавод, Қонысбай, Краснояр, Күсеп, Қызылсая, Молодёжный, Ортақ, Приречный, Раздольный, Сарыөзек, Сейфуллин, Симферополь) пен 2 кент (Алексеевка, Бірлестік) болған.

1997 жылы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау ауданы таратылды. Красный Яр ауылы Көкшетау қаласының қарамағына өтсе, қалған аумағы Көкшетау облысының Зеренді ауданының құрамына берілді, ал 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысының бүкіл аумағы, оның ішінде Зеренді ауданы Солтүстік Қазақстан облысына қосылды.

1999 жылы 10 сәуірде Зеренді ауданы, оның ішінде бұрынғы Көкшетау ауданының аумағы Ақмола облысына берілді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989
 40892 ▼34472 ▲36694 ▲39540 ▲43797
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Сикстин капелласы

  • Сәуір 05, 2026

    Органикалық химия

  • Наурыз 13, 2026

    Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

  • Наурыз 10, 2026

    Ахмет Байтұрсынұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Арал (қала)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары