| Аудан | |||
| Манас ауданы | |||
| Манас району | |||
| |||
| Әкімшілігі | |||
|---|---|---|---|
| Кіреді | |||
| Әкімшілік орталығы | Покровка | ||
| Тарихы мен географиясы | |||
| Құрылған уақыты | 1980 | ||
| Уақыт белдеуі | UTC+6 | ||
| Тұрғындары | |||
| Тұрғыны | 32 913 адам (2009) | ||
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 78,4 %, | ||
| Ресми тілі | |||
|
| |||
Манас ауданы (қыр. Манас району) — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. 1980 жылы 3 қазанда Киров (қазіргі Айтматов) ауданынан бөліну арқылы құрылды.
Талас облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде және батысында Қазақстанның Жамбыл облысымен, оңтүстікте Талас облысының Айтматов және Бақайата ауданымен, шығысында Талас ауданымен шектеседі.
Әкімшілік орталығы — Покровка ауылы.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 32 913 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 25 801 адамды құрайды (78,4 %), күрдтер — 2204 адам (6,7 %), қазақтар — 1568 адам (4,8 %), орыстар — 1093 адам (3,3 %), өзбектер — 910 адам (2,8 %), түріктер — 589 адам (1,8 %).
Әкімшілік бөлінісі
Манас ауданының құрамына 5 айыл аймағы мен 22 айыл кіреді:
- Қайыңды айыл аймағы: Арал (орталығы), Қайыңды, Нілді, Сарыбұлақ, Шөштөбе айылдары
- Қырғызстан айыл аймағы: Талас (орталығы), Көктөбе, Манас айылдары
- Май айыл аймағы: Майское (орталығы), Новодонецкое айылдары
- Покровка айыл аймағы: Покровка (орталығы), Баласары, Жайылған, Қараарша, Сөгет айылдары
- Үшқорған айыл аймағы: Қызылжұлдыз (орталығы), Ақтас, Жиде, Кеңес, Үлкенқақпа, Тасбасат, Үшқорған айылдары
- Манас ауданы
