| Марчелло Мастроянни | |
| итал. Marcello Mastroianni | |
| Марчелло Мастроянни (1991) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 28 қыркүйек 1924 |
| Туған жері | Фонтана-Лири, Лацио, Италия |
| Қайтыс болған күні | 19 желтоқсан 1996 (72 жас) |
| Қайтыс болған жері | Париж, Франция |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1947—1996 |
| Марапаттары | «Алтын глобус» (1963) |
| IMDb | |
Марчелло Винченцо Доменико Мастроянни (итал. Marcello Vincenzo Domenico Mastroianni; 28 қыркүйек, 1924, Фонтана-Лири, Лацио, Италия — 19 желтоқсан, 1996, Париж, Франция) — итальян киноактері. Алғашқыда жұмысшы болып, әуесқойлардың қойлымына қатысты. Актерлік қызметін 1947 ж. бастады. Режисёр Л.Винсконтидің шақыруымен соның драмалық труппасында ойнады. Кинода ойнаған алғашқы ролі - "Тамыз жекcенбісі" фильіміндегі Эрколе. 50 жылдары негізінен комедиялық фильмдерде ойнап, ерекше көзге түсті. Ол режисёр Ф.Феллини мен М. Антонионидың фильмдерінде буржуазиялық қоғамның қысымына ұшыраған Батыс интеллигенттерінің кейпін шынайы бейнеледі.
Рольдері
- Фефе ("Илаьянша ажырасуда", 1961)
- Доменико ("Итальянша некелесуде" 1964)
- Антонио ("Күнбағыста", 1971)
- 28 қыркүйекте туғандар
- 1924 жылы туғандар
- 19 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1996 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актерлер
- Италия актерлері
- Италия тұлғалары